Мәселе

Алматы облысында аудан әкімі неліктен 35 миллионға үй алмақ болғанын түсіндірді

  • ktk.kz

    ktk.kz

Ауылдан 35 млн теңгеге үй іздеген әкім! Алматы облысындағы Жамбыл ауданының әкімі Бағдат Әлиев осыншама бюджет қаржысына қызметтік пәтерге тапсырыс беріпті.


Алайда, облыс әкімінің ескертуінен кейін аудан басшысы мемлекеттік тапсырыстар сайтынан лотты алдыртып тастады. Аудандық риелторлар мұндай қомақты соммаға Ұзынағаш ауылынан емес, қаладан сәулеті келіскен, бизнес-классты үйді алуға таңдауға болатынын айтады.


Жарты жыл бұрын ғана Жамбыл ауданының әкімі боп тағайындалған Бағдат Әлиев әркімнің босағасында жүріп шаршаған сияқты. Өйткені, атқамінердің өзінің баспанасы жоқ. Сондықтан шенеунік қызметтік үй алуға аудан бюджетінен 35 миллион теңге жұмсамақ болған. Себебі Бағдат Әлиев «аудан басшысына жалдамалы пәтерде тұрған жараспайды» дейді.


Бағдат Әлиев, Жамбыл ауданының әкімі:


-Біреудің үйін жалға алып тұрып жатырмын. Отбасымда 7-і адам бар. Барлығымыз анда-мұнда көшіп жүрген ыңғайсыз екен. Еңбегім сіңді. Абыройым артқанда аттандайын деген ойым жоқ. Бірдеңе бүлдірдім деп те ойламаймын.


Мемлекеттік тапсырыстар сайтында әкім 35 миллион теңгеге бағаланған үйлерге лот жариялаған еді. Сипаттамасында пәтер 2014 жылдан кейін салынған 6 бөлмеден және 180 шаршы метрден кем болмауы тиіс деп көрсетілген. Монша, екі көлік сиятын тұрақтың болуы міндетті екені де назардан тыс қалмапты. Бұған да әкімнің жауабы дайын.


Бағдат Әлиев, Жамбыл ауданының әкімі:


-Ұзынағаш Алматыға өте жақын орналасқаннан кейін бұл жерде үйдің бағасы өте қымбат. Бос үй де жоқ мен кіретіндей. Үйлердің өзі 15 миллионнан 100 миллионға дейін барады. Біз орташа бағаны алдық. Алғаннан кейін дұрыс үй болсын дедім.


Алайда, риелторлар Жамбыл ауданында үйдің бағалары керісінше, арзандағанын айтып отыр. Ұзынғаштан емес, қаладан 35 миллион теңгеге бизнес-классты үйлерді сатып алуға болады екен.


Мәселен, мына суреттегі зәулім коттедж. Оның ауласы абаттандырылған, іші қымбат жиһазға толы, 20 соттық жері бар. Бір сөзбен айтқанда, жанға жайлы қымбат үй.


Анар Құрамысова, риелтор:


-Ұзынғашта 35-40 миллионға көп үй сұрап келмейді. Қалада осындай сомаға үлкен үй алуға болатынын білесіздер. 20-25 миллионға сұрайтындар бар. Ең өтімді үйлер 8-10 миллиондық үйлер. Ал, 35 миллион теңгелік үйде барлық жағдай бар.


Жақында ғана 57 миллионға қызметтік баспана алуға өтініш берген Атырау қаласының әкімі Әлмұхаммед Құттымұратұлының да басы дауға қалған еді. Павлодар әкімі Әнуар Күмпекеев те қазына қаржысын тиімсіз жұмсағаны үшін сөгіс алды. Осы жайттарды ескерген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Бағдат Байшалұлының қымбат пәтер алуына үзілді-кесілді қарсы болып, өтінішті мақұлдамаған.


Ғалмұрат Жүкел, Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы:


-Аталған лот алынып тасталды. Яғни, бюджет есебінен үй алынбайтын болды. Аудан әкіміне ескерту жасалды.


-Жамбыл ауданында 1200-ден астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның 300 мемлекеттік қызметкелер. Бұл тізімде аудан әкімі Бағдат Әлиевтің бар-жоғы белгісіз. Бір анығы, аудан басшысы жаңа жылды армандаған жаңа үйде қарсы алмайтын сыңайлы.


ktk.kz


 




Көрілген: 507    Пікірлер: 0

сенбі, 15.12.2018, 10:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30