Мәселе

Алматы облысында әйел адам тірі қызын өлдіге деп, ақша сұраған

  • Фото: kstnews.kz

    Фото: kstnews.kz

Алматы облысының тұрғыны Оңтүстік Корея клиникасында қатерлі ісіктен қайтыс болған жеті жасар қызының денесін еліне жеткізе алмайтынын айтып, жұрттан көмек сұраған. Қомақты қаражат жинап үлгерген әйелдің бұл әңгімесі жалған болып шықты деп жазады Костанайские новости порталы.

 

Абырой болғанда, еріктілер алаяқтықты әшкерелеп, жиналған ақша шынымен көмекке мұқтаж балалардың еміне жіберген.

 

Белгілі болғандай, бұған дейін Мадина Айдан есімді тұрғын өзінің қайғылы оқиғасын басылыммен бөліскен екен.

 

Әйелдің әңгімесі бойынша, оның кішкентай қызы Инабат қатерді ісікке шалдыққан. Ол Оңтүстік Кореяға қызын ем қабылдау үшін өз қаражатына апарып үлгергенімен, ем шаралары кешіктіріліп, баласы клиникада қайтыс болғанын алға тартыпты.

 

Нәтижесінде қызының денесін еліне қайтара алмай отырғанын айтқан ол, тек 685 доллар қаражатты көптің көмегімен жинап беруді сұрапты.

 

Алайда кейінірек, Мадина Айданның Инабат есімді қызы және тағы үш баласы бар екені және қызының ешқандай дерттен көз жұмбағаны анықталады. Аурудың тарихын көрсету үшін ол ремиссия кезеңіндегі лейкемиямен расында да ауырған Алматы облысының тұрғыны 8 жасар Камилла Реброваның фотосуреттері мен құжаттарын пайдаланыпты.

 

Ақша жинау үшін Мадина өзінің шынайы телефон нөмірі мен банктік деректемелерін ұсынған.

 

LIDER.KZ қозғалысының еріктілері Реброваның туыстары хабарласқаннан соң, алаяқтықтың бетін ашуға көмектескен. Жанашыр қазақстандықтар Мадина Айданға 970 мың теңге аударған болып шықты.

 

 Барлығы әшкере болған соң әйел адам барлық жиналған ақшаны Камилла Реброваның ата-анасына қайтарып, картаны жауып тастаған.

 

Ал Ребровтар отбасы мен еріктілер жиналған қаражатты емделуге мұқтаж балалар арасында қайта бөлу туралы шешім қабылдаған.

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.11.2020, 13:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Қаңтар, 23:18
    Тазалықтың 7 ережесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31