Мәселе

Алматы облысында фоторадарға қатысты дау шықты

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Әлеуметтік желіде Алматы облысының жол полицейлеріне шүйліккен жүргізушінің видеосы тарады. Ол Мұқыры ауылының маңына криспи жылжымалы фоторадарлы кешені заңсыз қойылды деп шу шығарған.


Пагондағылар қапелімде тоқтаусыз сөзбен түйреген жүргізушіге жағдайды жөнді түсіндіру былай тұрсын, өздерін таныстырмады да. «Аш бәледен қаш бәле» деді ме, басында біздікі емес деген камераны жинап, шудан бастарын ала қашқандай.


Облыстық полиция департаменті болса, тәртіп сақшыларының ол жерге фоторадарлы кешенді қоюы ешқандай заңға қайшы емес дейді.


Серік Үпиев, Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:


-Автожолдың сол учаскесіндегі жылдамдық тәртібін бұзуды анықтауға бағытталған. Аталған құрылғының тиісті құжаттары, сертификаттары бар. Барлығы бар. Ал тәртіп сақшылары мен жүргізушінің арасындағы түсінбестікке қатысты қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша орын алған жағдайға құқықтық баға берілетін болады.


 ktk.kz




Көрілген: 553    Пікірлер: 0

жұма, 04.01.2019, 10:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30