Мәселе

Алматы облысында интернет нашар болғандықтан, үшке оқитын балалардың саны артты

  • Алматы облысында интернет нашар болғандықтан, үшке оқитын балалардың саны артты

    Алматы облысында интернет нашар болғандықтан, үшке оқитын балалардың саны артты

Алматы облысындағы интернерттің мәселесі әлі шешілген жоқ. Үштерек ауылының мектеп оқушыларының үлгерімі қазірдің өзінде бестен үшке түсіп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.
 
Интернеттің нашарлығынан олар мұғалімдерге үй тапсырмасын жібере алмай дал болады. Интернет қажет еткен балалар көрші ауылдарға барып сабақ оқуға мәжбүр. Жергілікті шенеуніктер мұндай мәселе жоқ екенін алға тартады. 

Алтыншы сынып оқушысы Рауан үздік оқушы болатын. Бірақ ол онлайн сабақ басталғалы бері үлгерімі нашарлағанын айтады. Интернеттің жоқтығынан бала мұғалімге үй тапсырмасын жібере алмайды.

 
"Сабақ үлгерімі үшке түсті. Барлығы интернеттің нашар болуынан. Мұғалімдерге айтсақ, жағдайымызды түсінбейді. Әйпесе балам таңнан кешке дейін сабақ оқиды", - дейді Үштерек ауылының тұрғыны Айгүл Жақсыбаева. 

Бұл елді мекенде байланыс бұрыннан жақсы болмапты. Біра ай бойы ауылдағы интернет мүлдем жоғалған. Сабағын орындау үшін көптеген оқушылар мен студенттер басқа ауылдарға барып, сабақ оқуға мәжбүр. 

"Менің үлкен қызым студент. Интернет жоқ болғандықтан, Шамолғанға барып оқиды. Такси ұстап, басқа ауылға барады, ол да артық шығын. Сабағын оқып болғаннан кейін ғана үйге қайтады", - дейді тұрғындардың бірі Мұхтар Өмірзақов. 

Биліктегілер жергілікті тұрғындардың шағымдарына жауап бермейтін көрінеді. Басқа мәселелерді шешуді өтінген көптеген хаттар да жауапсыз қалған. 

Бірақ жергілікті шенеуніктер интернет жақсы ұстайтынын айтып, мұндай мәселе жоқ екенін жеткізді.

"Интернет бар. 2G және 3G ұстайды. Мен байланыс операторларымен сөйлестім, олар осы жылы модернизация жүргіземіз деп уәде береді, содан кейін интернетте ешқандай проблема болмайды", - дейді  Алматы облысы Айтей ауылдық округінің әкімі Жарқын Қатубаев. 

Шенеунік бұл мәселені жыл соңына дейін шешуге уәде берді. 




Көрілген: 2431    Пікірлер: 0

жұма, 12.02.2021, 11:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Сәуір, 23:17
    Қостанайды су басты
    28 Наурыз, 21:45
    Алматы жабыла ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30