Алматы облысында оқушылар тауға шығып сабақ орындап жүр

20 қараша 2020, 11:24

Бұл мәселені шешу үшін жергілікті билік тиісті органдарға хат жазған, алайда балаларға тағы да күте тұруға тура келеді
Алматы облысы Биғаш ауылында ондаған оқушы білім алу үшін тауға шығуға мәжбүр. Ауыл Талдықорған қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан, соған қарамастан бұл жерде байланыс пен интернет жоқ, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Ата-аналар баласының денсаулығына алаңдаулы, себебі тауда суық және күн де ерте батады.

"Көрші ауылда интернет бар, ал бізде жоқ. Балаларға тапсырма парақ нұсқасында беріледі, бірақ олар тауға барып қосымша сабақтарын орындайды. Жаз кезінде бұған көзді жұма қарауға болады, бірақ қазір қыс түсті, қорқынышты бола бастады. Қанша уақыттан бері интернет қосуды сұрап келе жатырмыз, алайда әлі нәтиже жоқ", &ndash дейді Биғаш ауылының тұрғыны.
Журналистер ауылда не себепті интернеттің жоқ екенін және оның қашан пайда болатынын жергілікті билік өкілдерінен сұрады. Алматы облысы Ескелді ауданы Жалғызағаш ауылдық округінің әкімі Елдос Алпыспаевтың айтуынша, ауылда интернет бар, бірақ ол жай жұмыс істейді.

"Осы маңнан үш шақырым жерде орналасқан тағы бір ауылда интернет бар. Ал бұл ауыл таулы жерде орналасқан. Ол жерде желі нашар ұстайды. Ал басқа ауылда балалар 4G-ді қолданып отыр", &ndash деп түсіндірді ол.

Алпысбаевтың айтуынша, бұл мәселені шешу үшін жергілікті билік тиісті органдарға хат жазған. Енді жыл соңына дейін немесе келесі жылдың бірінші тоқсанында мәселе шешіледі.