Мәселе

Алматы облысында педофилдің құрбаны бола жаздаған 15 жасар қыз өз-өзіне қол салды

  • Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Алматы облысында педофилдің құрбаны бола жаздаған 15 жасар қыз өз-өзіне қол салған. Бойжеткен 19 жастағы танысы іске асырмақ болған зорлық әрекеттерге қатысты қылмыстық істің тоқтатылғанына қатты қапаланса керек деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.


Жас қыз тоғызыншы маусым күні суицид жасады. Комада жатқан жасөспірімнің демі үш күннен соң үзілген. 15 жасар қыздың мұндай қадамға баруына өткен жылдың қыркүйек айында орын алған оқиға себеп болған.


Ол 19 жастағы таныс жігіттен туған күнге шақырту алып, басы бәлеге қала жаздаған. Жас жігіт оны зорлауға әрекеттенді. Алайда, қыз бала барынша қарсылық көрсетіп, педофилдің уысынан сытылып шыққан.


Анықталғандай, 15 жасар жасөспірімді зорламақ болған жігіт эстрадаға енді ғана қадам басып келе жатқан жас әнші болып шықты.


"Баламды қорғай алмай қалдым. Сіздер бізді қалай қорлағанды білмейсіздер де. Қызым болған жағдайды баяндап бергенде, мен өзімді қалай сезінгенімді сіздерге айтып жеткізе алмаймын. Сол жігіті қызымды жеделсатыға күштеп апарып, зорламақ болған. Бірақ, ол қарсыласып, ебін тауып қашып кеткен" , - деді марқұм қыздың анасы Әлия Оразбаева.


Бұл жағдайдан кейін жасөспірім үлкен күйзеліске ұшыраған. Анасының шағым түсірейік деген үнднеуіне ол "жамантты болмайық" деп қарсылық танытқан. Бірақ, баласының абыройын төкпек болған жігіттің ісіне шамданған анасы айтқанынан қайтпай қойған.


"Қылмыстық кодекстің 122-ші бабы бойынша іс қозғалды. Яғни, қыз бен жігіттің арасында бәрі өзара келісіммен болған дегенді меңзейді. Мұны қалай түсінуге болады? Қыз тергеушілерге берген түсініктемесінде оның уысынан сытылып шығу үшін қалай жанталасқанын айтып берген. Ал жігіт болса оны лифтіден шығармауға тырысқан" , - деді "Не молчи KZ" қоғамдық ұйымының жетекшісі Дина Смаилова.


Алайда оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық іс тым ұзаққа созылып, ақыр-соңы жабылып тынған. Істің жабылғанын естіп, әбден қорланып, жүйкесі сыр берген жасөспірім Алматы облысының аумағында өз-өзіне қол салған. Осыдан кейін аймақ полицейлері басқа бап бойынша істі қайта ашыпты.


"Кәмелеттік жасқа толмаған қыздың қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 105 бабына сәйкес, өз-өзін өлтіруге жеткізу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарымен, Іле аудандық полициясы айналысуда. Айта кету керек Алматы облыстық полиция департаменті осы тергеу ісін өз бақылауына алды" , - деді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев. 




Көрілген: 2677    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.06.2019, 11:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31