Мәселе

Алматы облысында сел жүріп 270 үйді су басты

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Жауын-шашының көптігінен таудағы бөгет жарылып, Пенжім ауылының бір бөлігін су шайып кеткен. Жаркент – Қорғас тасжолы да зақымдалыпты.


Панфилов ауданына қарасты Пенжімде сел кеше кешкісін 8 жарым шамасында су лап қойған. Күннің күрт ысуы мен толассыз жауын-шашын таудағы бөгеттің бұзылуына себеп болыпты.


Лай аралас су 30-дан астам баспананың ішіне кірсе, 270 ауласы батпаққа айналған.


Қазіргі таңда тұрғындар тазалау жұмыстарымен айналысуда.


Бұл уақытта жұрттың көбі ауызашарда болған. Баспаналарын тастап жан жақта жүргендердің арасында Александр Тоқтаев та бар. Жұмыста болған азамат гүрілді естіп, бірден үйіне қарай аттанған. Алайда, дем арасында жайылған су үйінің ішіне де кіріпті. Осылайша, далада түнеген отбасы, енді не істерін білмей дал.


Александр Тоқтаев, Пенжім ауылының тұрғыны:


- Бал шағаны алдық та қаштық. Үйдің іші толған лай су.


Апаттан кейін ауылды қалыпқа келтіруге 200-ге жуық құтқарушы мен 37 техника жұмылдырылған. Барлығы үйлердің іші мен аулаларын тазалауда. Тіпті, судың ағысы қатты болғандықтан кейбір қора-жайлардың қабырғаларын да қиратқан. Жергілікті әкімдіктегілер жарылған бөгетті жөндеп қойып, жағдайды бақылап отырмыз деді.


Ерлан Оспанбаев, Пенжім ауылдық аймағының әкімі:


- Таулы аймаққа жауған нөсер жауын суы жиналған. Зардаптарды жою бойынша аудан әкімінің қаулысымен арнайы комиссия құрылған. Аулаларды тазалау, көшелерге шағылдарды төсеу жұмыстары жалғасуда.


Есеңгіреген жұрт лай батпақты тазалап жатқанымен, әлі де болса тасқынның қайталанатынынан қауіптенуде. Ал, зардап шеккен 270 отбасыға қандай да бір көмектің берілу берілмеуі арнайы комиссиясының тексерісінен кейін ғана анықталады.


ktk.kz


 




Көрілген: 435    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.06.2019, 10:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30