Мәселе

Алматы облысында сот жалғызбасты әйелді сырттай ата-ана құқығынан айырған

  • https://azattyq-ruhy.kz/

    https://azattyq-ruhy.kz/

Алматы облысында әйелді сот сырттай ата-ана құқығынан айырған. Қамқоршылық кеңестің келісімінен соң жалғызбасты ананың балалары бөтен отбасыға берілген. Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны енді төрт жылдан бері перзенттерін қайтара алмай жүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

 

Арнайы баспасөз жиынын өткізген әйелдің сөзінше, оның балаларын бұрынғы енесі тартып алған. Құжат жүзінде заңды асыраушы құқығы бұрынғы күйеуінің туыстарына берілген екен. Кәмелетке толмаған балалар бөтен үйдің жұмысына жегіліп, үнемі қысыммен өмір сүріп жатқан көрінеді.

 

«Мен сіздерден баламды өзіме қайтаруға көмектесулеріңізді сұраймын. Олар баламның өмірін тозаққа айналдырды. Қорлайды, қара жұмыс істетеді. Отын тасып, пеш жағады, үйді тазалайды.  Үйдегі ересектер өздеріне массаж істетеді екен. Мен өзімнің ата-ана құқынан айрылғанымды білмедім. Сотқа қатысқан жоқпын. Сот менің сыртымнан өткен. Мен өзімнің ата-ана құқығынан айрылғанымды қызым «құтқар мені» деп көмек сұрап келгенде бірақ білдім. Бұрынғы енем бір топ полицияны ертіп келіп, баламды тартып әкетті», - дейді балаларын қайтара алмай жүрген Фаминас Мирсалова.

 

Оның айтуынша, күйеуі оны үшінші баласына аяғы ауыр кезде үйден қуып жіберген екен. Оқиғадан бері төрт жыл өткен.

 

Ал, Фаминас Мирсалова жалдаған заңгердің сөзінше, сот та, қамқоршлық кеңес мүшелері де біржақты шешім шығарып, балалардың болашақтағы жағдайын ескермеген. Себебі, анасынан тірідей айрылған балалар қазір жағдайы бұрынғыдан да мүшкіл жерде өмір сүріп жатыр.  

 

«Фаминас Амирханқызы үш баланың анасы. Күйеуімен заңды түрде ажырасқаннан соң балалардың анасы бұл үйден кетіп қалған. Себебі, бұрынғы күйеуі соққыға жыққандықтан ол жерде Фаминастың қалуға мүмкіндігі болмаған. Ерлі зайыптылар ажырасқанда олар өзара ауызша келісімге келіп, екі бала әкенің қасында қалған. Бұл жерде Мирсалованың кінәсі жоқ, ол балаларын заңды әкесіне тапсырды. Анасы балаларымен араласып келеді. Алайда, күйеуінің әпкесі балаларға таласқан. Зулиха есімді азаматша Мирсалованы ата-ана құқығынан айырып, өзін асырушы ретінде тануды сұрап, сотқа арызданған. Оған қамқоршылық кеңес мүшелері көмектескен. Яғни, Еңбекшіқазақ ауданының қамқоршылық органы сотқа арызданып, Фаминас Мирсалованы ата-ана құқығынан айыруды сұраған. Судья балалардың анасы сотқа қатыспаса да сырттай үкім шығарған», - деді заңгер Имран Нажибов.

 

Заңгер соттың шешіміне наразы. Өйткені, сот балалардың туған әкесін де ата-ана құқығынан айырмай жатып, балаларды басқа жаққа жіберуге үкім еткен.

 

«Балалардың заңды әкесі тұрғанда сот қалай оларды асыраушысы жоқ деп санап, қамқоршылық органына береді. Алғашқы сот үкімі 2017 жылдың қарашасында шыққан. Екі айдан соң Зулиха балаларды өзіне алуды сұрап арызданған. Сот Зулиханың 10 адам тұратын шағын үйінің жағдайын ескерместен оның арызын қанағаттандырған. Қамқоршылық мекемесі жағдайды біле тұрып кәмелеттік жасқа тұрмаған балаларды оларға берген. Өзгенің асырауына берілген балалар қашып, анасына жағдайды айтып, әлі шағымданып келеді. Зәбір, қысым көрген балалар қорқып қалған», - деді заңгер.

 

Мирсалованың сөзінше, жуырда білім басқармасы тарапынан комиссия шығып, балалардың расында да қиын жағдайда тұрып жатқанын анықтаған. Мектеп жасындағы балаларға мұғалімдері мен психологтар көмек көрсетіп жатыр екен.

 

«Мен ешқашан әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылмағам. Заңды жұмысым, тұрақты баспанам бар. Қамқоршылық органы неге заңсыздыққа барған? Қамқоршы тарапынан үнемі қысым көретін балаларым психологиялық ауыр жағдайға ұшыраған. Балаларды шұғыл түрде ол үйден алып кету керек», - деді көз жасына ерік берген Ф.Мирсалова.

 

Ал, Алматы облыстық білім басқармасы жағдаймен арнайы комиссия әлі айналысып жатқандықтан, мәліметті кейінірек хабарлайтынын айтты.

 

 

 

 




Көрілген: 563    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.11.2020, 15:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31