Мәселе

Алматы облысында су шайған бөгет 454,8 млн теңгеге жөнделіп, биыл іске қосылған

  • https://www.azattyq.org/

    https://www.azattyq.org/

Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылдық округінің жанында 21 қараша күні түнде бұзылған "Книжевский" су қоймасы биыл ғана пайдалануға берілген. Бұл ақпаратты Жамбыл ауданының әкімдігі таратты деп хабарлайды azattyq.org.

 

Әкімдік хабарына қарағанда, "Книжевский" су қоймасы 2019 жылы 454,8 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өткен. Ал оның алдында су қоймасын күрделі жөндеу жобасын жасау үшін 28,1 миллион теңге және бөлінген.

 

Шайылған су қоймасына келген Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ақниет Тұматаевтың сөзінше, су қоймасын күрделі жөндеуден өткізген "СК Гранд Канал" компаниясы екі жылға кепілдік берген, "сондықтан қалпына келтіру шығындарын "СК Гранд Канал" компаниясы өз мойнына алуға тиіс".

 

Ақниет Тұматаевтың айтуынша, бөгетті су шайғаны туралы хабар түнгі сағат он бір шамасында түсіп, арнайы техника мен құтқару күштері жұмылдырылған. Төңіректегі ауылдарға қауіп төнбеген, бөгет жанындағы жол үстімен су жүрген.

 

"Книжевский" су қоймасының бөгетін су шайғаны туралы алғашқы ақпаратты бүгін таңертең төтенше жағдайлар министрлігі таратқан.

 

"Sputnik Қазақстан" ақпарат агенттігі бөгетті шайып өткен су тасқыны Қарғалы өзені бойында тұрған, қараусыз қалған үй жануарларына арналған "Белый бим" қорасын жартылай бұзғанын, жануарларды құтқарушылар мен еріктілер қауіпсіз жерге шығарғанын хабарлады.

 

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметіне қарағанда, 4,47 миллион текше метр су жинайтын бөгет жартылай толып тұрған.

 

 

 




Көрілген: 814    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.11.2021, 19:14

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31