Алматы облысында тұрғындар ішінде құрт жүрген суды ішіп отыр

05 маусым 2022, 01:26

Жергілікті тұрғындар ауыз су мәселесінің туындауына шенеуніктерді кінәлайды

Алматы облысы Еркін ауылының тұрғындары жергілікті шенеуніктерден таза суды қайтаруды талап етіп отыр. Қазір олар иісі, кейде ішінде құрттар бар суды ішуге мәжбүр.

Адамдардың айтуынша, су құбырындағы проблема бір жыл бұрын басталған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ол кезде шенеуніктер артезиан ұңғымасын алып тастауды шешіп, үйлерді бас су көзіне қосты. Содан бері суда жағымсыз иіс пайда болған. Ауыл тұрғындары денсаулығына шағымдана бастады.
 
"Мен дәрі іші үшін су алғанда ішінде жүрген құрттарды көрдім. Мамандар келіп, су сынамасын алды", - дейді жергілікті тұрғын Эльмира Болысбаева.
 
Еркін ауылының тұрғындары судың сапасына бірінші рет шағымданып отырған жоқ. Олар былтыр шенеуніктерден ескі су мұнарасын қалдыруды сұраған. Бірақ әкімдікте ол жарамсыз деп шешіп, үйлерді жаңа су құбырына қосты.

Жергілікті әкімдікте барлық айыптау негізсіз деп санайды. Олар ескі мұнара апаттық жағдайда болғанын мәлімдеді. Ал жаңа су құбырын тексерген мамандар ешқандай бұзушылық анықтамаған.

"2019 жылы тұрғындар жаңа құбыр желісіне қосылды. Су тексеріліп, тұтынуға жарамды деп танылды. Бұған дейін оларды 70-80-ші жылдардағы мұнара арқылы сумен қамтамасыз еткен. Қазір ескі мұнара пайдалануға жарамсыз", - дейді Қайнар ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрбол Есінбаев.

Дегенмен, 700 үйді қамтамасыз ететін құбыр суы сараптамаға алынды. Оның нәтижесі бойынша резервуардың болашақ тағдырына қатысты мәселе шешіледі.

sputnik.kz