Мәселе

Алматы облысында зират жеріне байланысты дау шықты

  •  Видеодан алынған кадр

    Видеодан алынған кадр

Алматы облысы Талғар ауданындағы Қарабұлақ кентінің ондаған тұрғыны зират орнына коттедж қалашығы салынғалы жатқанын айтып, шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Ауыл тұрғындары жергілікті зиратта жерлеуге тыйым салынғанына шағымданды.

 

"Қазір зират маңынан компания коттедж қалашығын салу үшін жер сатып алды. Жақында бір әйелге осы зиратқа туысын жерлеуге тыйым салған еді. 1987 жылы бұл жер мұсылмандарды жерлеуге бөлінген. Мұнда біздің атамыз жерленген. Неге жерлеуге тыйым салынады?", - деп шағымданды олар.

 

 

Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер зират кеңес заманынан бері ешқандай құжатсыз жұмыс істеп келе жатқанын хабарлады. Аудан әкімшілігі мәліметі бойынша, қазіргі уақытта зиратта орын қалмаған.

 

"Тұрғындар ескі зираттың маңындағы жерлерді пайдаланғысы келеді. Бірақ ол жерлер жеке басқаруда және ауылшаруашылық мақсатына арналған. Бүгінде осы жерлерге иелік ететін "Айршир" ЖШС Қарабұлақ ауылы маңындағы жаңа зиратқа 7,81 гектар (кадастрлық № 03051200118) және 3,21 гектар (кадастрлық № 03051200175) жер (жалпы ауданы 11,02 гектар) бөлінгенін айтты. Тиісті құжаттар дайындалып жатыр. Мәселе аудан әкімі бақылауында", - деді әкімдіктегілер.

 

Айта кетейік, Алматының Бостандық ауданындағы "Ремизовка" зиратынан 23 қабір "Кеңсай-2" зиратына ауыстырылғаны хабарланған еді. Тұрғындар қайтыс болған туыстарының олардың келісімінсіз қайта жерленгеніне шағымданған болатын.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 644    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.04.2021, 17:27

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31