Мәселе

Алматы облысындағы балабақшада 4 жасар бүлдіршін көз жұмды: Қыздың әкесі оқиға туралы айтып берді

  • Алматы облысындағы балабақшада 4 жасар бүлдіршін көз жұмды: Қыздың әкесі оқиға туралы айтып берді

    Алматы облысындағы балабақшада 4 жасар бүлдіршін көз жұмды: Қыздың әкесі оқиға туралы айтып берді

  • Алматы облысындағы балабақшада 4 жасар бүлдіршін көз жұмды: Қыздың әкесі оқиға туралы айтып берді

    Алматы облысындағы балабақшада 4 жасар бүлдіршін көз жұмды: Қыздың әкесі оқиға туралы айтып берді

Алматы облысындағы жекеменшік балабақшада 4 жасар бүлдіршін көз жұмды. Оқиғаға қатысты қыздың әкесі айтып берді, деп хабарлайды “Астана” арнасы.

Полиция департаменті тексеру кезінде қыз баланың тамағынан ойыншық зат табылғанын хабарлады. Марқұмның жақындары бұған балабақша қызметкерлерін кінәлайді. Тәрбиешілердің салғырттығынан баламыз тұншығып қалды деп отыр. 

 
Жақындары жанұшыра жеткенімен қыз баланы ажалдан арашалау  мүмкін болмаған. Сот-медициналық сараптама барысында тамағынан пластмасса ойыншық табылған. Қайғыдан қан жұтқан әкесі, қызының қазасын тәрбиешілердің салғырттығынан дейді.

“Біз ол ойыншықты үйден алып барған жоқпыз . Бізде ондай ойыншық жоқ. Бала үйден ойыншық алып келсін, алып келмесін, Біз оны таңертең балабақшаға апардық, бала түстен кейін моншақты аузына салып алған болып тұр. Не ойлайтынымызды да білмейміз қазір”, – дейді қыздың әкесі Жарас Шыңғысов. 

Қара жамылған отбасы  мұнан басқа ақпарат берген жоқ. Ал балабақша басшысы мекемеде ондай ойыншық  жоқ екенін  айтты. Әрі  бұл қайғылы жағдай   бала ұйқыдан тұрған соң болды деді. 

“Оянған уақытында ойнап отырған дейді тәрбиешісі барып көргенімде дейді. Сосын апай деп басқа бала шақырды соған барса жаңағыдай оқиға болып жатыр екен”, – дейді балабақша басшысы Ақмарал Әуесбекова.

Бүлдіршін бұл балабақшаға былтыр келген. Тәрбиешісі -тәжірибелі маман дейді, мекеме басшысы. 2015 жылы ашылған мектепке дейінгі мекемеде қазір 100 бала бар. Әр топқа бір тәрбиеші мен бір көмекші бөлінген. Ата-аналар осы  қайғылы оқиғадан кейін балаларымызды әкелуге  қорқып қалдық дейді.  

“Үлкен қызым қазір екінші сыныпта оқиды. Осы балабақшада тәрбиленіп, қанат қаққан. Одан кейінгі қызым кеше қайтыс болып кеткен қызбен бірге бір топқа баратын. Қызым бір жылап келіп, шағым айтып ондай ешқандай қыздарымның бәрі осында”, – дейді балалардың бірінің ата-анасы Алтынайым Тұрдалиева.  

4 жасар бүлдіршіннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Полиция Департаменті марқұмның тамағынан пластмасса  заттың табылғанын растап отыр. 

Балабақша қазір жабық. Жұмысын уақытша тоқтатқан. Мекеме өкілінің айтуынша, қара жамылған отбасының тағы бір қызы осы бақшаға келеді. 

Бұған дейін Алматы облысының полиция департаменті 26 қарашада Талғардағы балабақшалардың бірінде кішкентай қыздың қайтыс болғанын хабарлаған болатын.

Белгілі болғандай 4 жастағы бүлдіршін түскі астан кейін ұйқыға жатып сол күйі оянбапты. Мекеме қызметкерлері бірден жедел-жәрдем шақырып баланың ата-анасына хабар берген. 




Көрілген: 591    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.11.2021, 22:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31