Алматы облысындағы «Үшарал-Достық» жолында көліктердің қозғалысына шектеу қойылды

25 желтоқсан 2021, 11:42

Алматы облысында күннің бұзылуына байланысты «Үшарал-Достық» автожолында көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сітеме жасап.

 

«Алматы облысында күн райының нашарлауына байланысты (боран, жолдағы нашар көру) 25 желтоқсан күні сағат 9.30-дaн бастап «Үшарал-Достық» автожолының 83-184 шақырымы аралығында, атап айтқанда, Көктұма мен Достық станциялары аралығындағы учаске («Автодор НС» АБК реконструкциялау учаскесі) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді»,-делінген хабарламада.

 

Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі.

 

Оқыс жағдай орын алса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласа аласыздар.