Мәселе

Алматы облысының полиция бастығы даулы аудиожазбадан кейін қызметінен кетті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы облысының Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Марат Күштібаев қызметтік тергеу жұмыстарынан кейін лауазымынан кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Айта кетсек, бұған дейін YouTube арнасында Алматы облысы жергілікті полиция қызметінің бастығы Марат Күштібаевтың фотосуреті бейнеленген аудиожазба тарап кеткен болатын. Шағын аудиожазбада полиция бастығы өз қол астындағылардың жұмысын былапыт сөздермен сынайды.


«Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың 2019 жылғы 19 қыркүйектегі бұйрығымен Алматы облысының Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы уақытша қызметінен босатылды. Жеке қауіпсіздік департаментіне қызметтік тергеу амалдарын жүргізу тапсырылды», - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.


 




Көрілген: 1116    Пікірлер: 0

жұма, 20.09.2019, 13:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31