Алматы сары аймаққа енді
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл туралы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
 
«Құрметті алматылықтар. Биылғы 2020 жыл біз үшін үлкен сабақ болды. Ең бастысы &mdash босаңсымау. Пандемия басылған жоқ. Бүкіл әлемдегі жағдай да ушығып тұр. Алматы жұқтыру қаупінің «сары» аймағына енді. Баршаңызды санитарлық ережелерді қатаң сақтауға шақырамын. Жағдай күрделенсе, режимді күшейтеміз», &ndash деп жазды.