Мәселе

Алматы соңғы 4 жылда ажарлана түсті

  • Алматы соңғы 4 жылда ажарлана түсті

    Алматы соңғы 4 жылда ажарлана түсті

 Алатаудың баурайында орын тепкен ең ірі мегаполис Алматы – Қазақстанның келбеті. Сұлулығы мен сәулеті жарасқан қаланың бірнеше мыңжылдық тарихы бар. 1998 жылға дейін еліміздің астанасы болған Алматы бүгінде ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық. Мұндай ірі орталықы осы уақытқа дейін талай тіс қаққан әкімдер басқарды. Ал осыдан 4 жылдай бұрын қарт қаланы басқару мәртебесі ең жас әкім Бауыржан Байбекке бұйырған еді. 2015 жылдың 9 тамызында сол кездегі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласы мәслихат депутаттарына жаңа әкімді таныстырды. Бауыржан Байбек 41 жасында еліміздің ең жас әкімі атанды. Сонымен «Болашақ» бағдарламасының алғашқы түлегі басқарған 4 жылда Алматы ажарлана түсті, қалада біршама оң өзгерістер байқалды.


Баршаға мәлім, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясында 2050 жылға таяу әлемнің айрықша бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруді мақсат етіп қойған еді. Ал Алматы осы мақсатқа жетудің өзекті факторы екені анық. Осы орайда белгіленген мақсаттарға қол жеткізудің құралы ретінде еліміздің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес «Алматы - 2020» бесжылдық даму Бағдарламасы әзірленген болатын. Бағдарлама жобасы көпшіліктің талқылауына ұсынылып, қала тұрғындарының толықтырулары, ұсыныстары мен тілектері ескерілді.

Бағдарлама жобасын талқылауға байланысты азаматтық қоғам, кәсіподақтар мен салалық ұйымдар өкілдері, екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдары, білім мен денсаулық сақтау салалары, БАҚ басшылары, блогерлер, «Болашақ» бағдарламасы түлектерім, мәдениет, спорттық қоғамдастықтар қайраткерлері, сарапшылармен, ірі өндіріс орындарының басшылары, кіші және орта бизнес өкілдері, ЖОО-ның ректорлары, жастар, этномәдени бірлестіктер жетекшілері, зейнеткерлер қатысты.

Алматы қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы қаланың барлық даму бағыттарын, оның ішінде экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі, экология және жер ресурстары, мемлекеттік қызметтерді қамтиды және 7 басымдықты ескере отырып, қалыптастырылды: 1) Жайлы қала; 2) Қауіпсіз қала; 3) Әлеуметтік-бағытталған қала; 4) Экономикалық тұрақты қала; 5) Бизнес пен жеке капиталға арналған қала; 6) Интеграцияланған қала; 7) Белсенді азаматтар қаласы.


Байбек әкім болып тағайындалған жылы Алматы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге қызу дайындалып жатыр еді. Сол кезде қалада инфрақұрылым байланысты жақсарту аса маңызды болды. Сондай-ақ 2017 жылы өткен Универсиадаға дайындық басталып кеткен. Осындай үлкен шаралардың өтетініне қарамастан Алматы бюджеті 30,4 млрд теңгеге оңтайландырылды. 2017 жылғы Универсиаданы абыроймен өткізді.

2015 жылы Алматының даму бағыты бюджетті оңтайландырудан басталды. Көп ұзамай "Оңай" жүйесі іске қосылды. Заманға сай өзгеріс қаланың қоғамдық көліктеріне енгізілді. Бұрын «Оңай» терминалдарының орнында тиын қабылдайтын валидаторлар болатын. Қала басшысы «Оңай» жүйесінің артықшылығын жұртшылыққа түсіндірді. Ол жолаушы тасымалы саласын көлегейлі экономикадан шығаруға кірісті. Әкімнің мұрындық болуымен алғаш рет елімізде ВRT желісі жүргізілді. Қазір BRT жүрдек автобустар желісіне арналған дәліз жасалуда. Автобустар Орбита шағын ауданынан, Шығыс айналма жолымен Құлжа тас жолы қиылысқан жерге дейін барады. Үш жылда Алматы автобустарының жұмысы жолаушыларға ыңғайлы бола бастады.

Байбек әкім болғалы Алматы аулаларында аула алаңдары қалпына келтіріле бастады. 3 жыл үшінде 1500 аула жаңартылған, 600-ден астам ауланы қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда. Аулаларда балаларға арналған спорт және ойын алаңдары пайда болды. Аулаларға жарық және бейнакамералар орнатылды. Көшелерде автотұрақтар демонтаждалып, тротуарлар кеңейді.

Абай, Назарбаев, Абылай хан даңғылдары қайта жасалды. Велодәліз де кеңейіп, ұзара бастады. Қаланың орталығындағы бірқатар көшелер бір бағытты көшеге айналды. Алматыда 4 жылда 600 көше жөндеуден өтті. Панфилов, Гоголь, Абай, Төлебаев, Жібек жолы,басқа да біраз көшелер қайта жөнделді. Панфилов көшесінің бойында жаяу жүргіншілер зонасы пайда болды. Алматының тарихи орталығы жаңартылды, 130 маңызды сәулет нысандарына жарық қойылды.

Тарихи орталықтың үштен екі бөлігі заманауи стандарттар бойынша жаңғыртылды. 2017 жылдың қарашасында мәслихат сессиясында Фурманов көшесін Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп қайта атау шешімі қабылданды. э


Бауыржан Байбек қаланың көліктік реформасына көп көңіл бөлді. Осылайша, Алматының үлкен айналма жолының құрылысы басталды. Екі темір жол вокзалы реконструкцияланды.

Алматыда 4 жылда айтарлықтай өзгерістер пайда болды. Қаланың келбеті түрлене түсті. Мысалы, көшелерде заңсыз дүңгіршектер, билбордтар, заңсыз жайма базарлар жойылды.

Қаламызда 100-ден астам субұрқақ бар, олардың 2-сі соңғы үш жылда салынған. . Жерасты өткелдері толығымен жөнделді. Жерасты жолдарында ғажайып қабырға суреттері пайда болды. Алғаш рет жүргінші жолына жарық қойылды. Дала шамдарының 30 пайызы жарықдиодтық шамдармен алмастырылды. 150 қоршауға демонтаж жасалды. 300 шақырым арық жүйесі қайта жөнделді. 200 шақырым инженерлік жүйе жаңғырды. Автобус парктері толықтай жаңарды. 2015 жылдың шілде айында Алматыда сел жүргені баршамызға аян. Табиғи апат жаңа әкім келгенге дейін болса да, селден кейінгі Наурызбай ауданы тұрғындарының мәселесін Бауыржан Байбекке шешуге тырысты. Әкім көшпелі жиындар өткізіп, аудан тұрғындарымен кездесті. Сөйтіп Қарғалы өзенінің арнасын нығайту жұмыстары жүргізілді. Селден қоғау мақсатында Ақсай және Аюсай бөгеттері салынады. 9 өзеннің арнасы жөндеуден өтті. Мыңжылқы бөгеті қайта жөнделді.


Алматы əкімдігі бірқатар рекреациялық нысандарды қаланың коммуналдық меншігіне қайтарғаны да есте. Атап айтқанда, Баум бағы, Ботаникалық бақ қалаға қайтарылды. Сондай-ақ Южный саябағы төңірегіндегі шудың да оң шешілуіне әкім  көмектесті. Əкімдік  аталған нысандарды абаттандыру мен тазалауды да өз міндеттеріне алды. 


Әкім «Рухани жаңғыру» жобасы аясында 2000 орынды 4 жатақхана салынатынын, келер жылы 2,4 мың орынды тағы да 2 жатақхана құрылысы басталатынын айтқан болатын. Сондай-ақ қалада соңғы жылдары 11 мектеп, 540-тан астам балабақша ашылды. Елбасы тапсырмасы бойынша қосымша 8 мектеп салынбақ. 12 аурухана мен емхана салынды. Соңғы 3 жылда 6 млн м бой көтерді. Кезекте тұрған 11000 адам баспаналы болды. Аз қамтылған көпбалалы отбасына арналған орталық ашылды. Егде жастағы адамдарға арналған «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды. Қаланы жіті бақылауға алып, сараптама жүргізетін ситуациялық орталық құрылды. «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы қолға алынды. Яғни, тұрғындар жергілікті бюджеттің бір бөлігін өздері бөлуге құқылы. 


Бауыржан Байбек қоғамға ашықтығымен белігілі. Әкімнің ұсынысымен Инстаграм, Перископ, Фейсбук желілерінде әкімдіктің аккаунттары ашылды. Әкімдік қызметкерлері әлеуметтік желілерге түскен мыңдаған арыз-шағымды қарап, әрқайсысына жауап беретін болды. Алматы тұрғындарының жол, баспана, коммуналдық шаруашылықтағы мәселелері өз шешімін тапты. Жас әкім жұмыс барысында қоластындағылардан үнемі ашық болуды, есеп беруді талап етіп отырды. Осы орайда әкімдіктің ашықтығын қамтамасыз ететін «Open Almaty» жобасы қабылданған болатын. Бұл порталдан қала тұрғындары балабақша, баспана, әлеуметтік төлемдер, коммуналдық мәселелері бойынша ақпарат ала алады.

Алматы - жастардың қаласы. Жас әкім 2020 жылға дейінгі жастардың қалалық Жол картасын жасауға атсалысты. Қалаға келген жастарды іскерлікке, ерікті болуға және басқа да кәсіптерге баулитын Лофт-орталық ашылды. Мұнда 7,8 мың адам жұмысқа тартылды. 2,5 мың адамға тегін кәсіби білім берілді. Жастардың баспаналы болу мәселесін шешу үшін қалада «Алматы жастары» атты жастардың тұрғын үй бағдарламасы қолға алынды, мұнда 35 жасқа дейінгі жастар жеке пәтер алу үшін жеңілдетілген заем ала алады.



Бауыржан Бәйбек әкім болған небәрі 4  жылда Алматы жақсы жаққа өзгерді. Бұл тек қаланың сырт келбетіне қатысты емес, тұрғындардың қалаға деген көзқарасы өзгерді. Қала тұрғындары кез келген мəселеде белсенділік танытып, құзырлы органдарға өздерінің талабын сауатты жеткізуге қалыптасып келеді. 


Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 28 маусымында Мемлекет басшысының Жарлығымен Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды. Әкім ауысса да.болашақта Алматы ары қарай да гүлдене береді деп үміттенеміз...


Алаш айнасы




Көрілген: 406    Пікірлер: 0

сенбі, 29.06.2019, 17:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31