Мәселе

Алматы соты 15 жастағы қызды 2 жасар сіңлісімен үйінен қуып шығуы мүмкін

  • Фото ашық дереккөзден

    Фото ашық дереккөзден

Алматыда 15 жастағы қыз 2 жастағы сіңлісімен далада қалуы мүмкін. Олардың анасы қылмыстық әрекеті үшін сотталып, түрмеге жабылған. Сот енді оның кәмелетке толмаған екі қызын үйден қуып шықпақшы. Бұл туралы танымал адвокат Джохар Утебеков мәлім етті.

 

Балалардың анасы қазір түрмеде, ол алаяқтық әрекеті үшін екі жылға сотталса, балалардың әкесі із-түзсіз жоғалып кеткен. Диляра есімді келіншек қазір Жауғашты ауылындағы Ла155/4 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Қараусыз қалған қос қызын ойлаған сотталушы түрмеде отырса да 5 бірдей адвокатты жалдапты. 

 

«Сот Алматы қаласының әкімдігін балаларға қамқоршы тағайындауды міндеттеді. Бірақ әкімдік оларды тағдырдың тәлкегіне қалдырды. Қыз сынбады. Ол оқуын тастаған жоқ. Ол ақша тауып, сәбиді өсіріп жатыр. Кенет балалардан үйді тартып алу үшін адамдар Медеу сотына жүгінді. Ал онда судья Молдабаев істі Наргизаның анасынсыз қарады. Ол «қатысуын қамтамасыз етпегенін» айтады. Бұл нағыз заңсыздық! Судьяның өзі түрмедегі адамның қатысуын қамтамасыз етуі керек еді», - деді адвокат.

 

Заңгер Джохар Утебеков сотталған ананың қарызы бар екенін, бірақ үйдің құны қарыз сомасына сәйкес келмейтінін және бұл мүлікті сату заңсыз екенін атап өтті. Сонымен қатар, қорғаушы қолында кішкентай баласы бар әйелдің жазасын өтеу мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігі қарастырылмағанын да ескертті. Сотталушы әйелден зардап шеккендердің саны 8 адам. Бірақ қаржысын даулап, сотқа жүгінуге бүгін бір ғана адам келді.

 

«Кәмелет жасқа толмаған біздің де балаларымыз бар. Ақшадан алданған барлығы 8 адамбыз. Соттың талабы орындалсын. Сегіз адамның отбасында кәмелеттік жасқа толмаған 18 бала бар. Бізге шығынның бәрін болмаса да белгілі бір бөлшегі төленсін. Сотталушы бізді аяғы ауыр кезде алдап жүрген. Алғашқы соттың үкімі неге орындалмады? Сотталушы бізге шығындарды өтемей бес адвокат жалдап отыр», - деді сотта жәбірленуші Қырғызбаева.

 

Азаматтық дау бойыша істі Алматы қалалық сотының судьясы Бақытжан Елшібаев қарап жатыр.

 

«Бұл балалар менің соңғы клиентім болғанын қалаймын. Балалары қорғаушы іздеген елдің болашақ жоқ», - деді Д. Утебеков.

 

 

 

azattyq-ruhy.kz

 




Көрілген: 1356    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.11.2021, 18:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31