Мәселе

Алматы тауларында қыздарға қырғидай тиісетін маньяк пайда болыпты

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Алматы тауларында қыздарға қырғидай тиісіп жүр делінген азғын әлі табылмай жатыр. Ол Ресейлік екі туристтің соңынан қуалаған көрінеді. Одан қалды, әйелдерді пышақпен қорқытып, қоқан-лоққы көрсеткен. Қонақтардың зәресін алған бейтаныс еркекті қорықшылар тікесінен тік тұрып іздеп жатыр.


Ауасын өкпеңді қанша толтыра жұтсаң да тоймайтын Алатаудың табиғатын тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен туристер келеді. Жергілікті кәсіпкерлерді қуантып қана қоймай, еліміздің жақсы атын шығаратын демалыс түрінің уақытша қазір сүйкімі кетіп тұр. Оған себеп, бір апта бұрын пайда болған маньяк.


Қыздарға қырғидай тиіскен бұзақыны қорықшылар күні-түні аяқтан тік тұрып іздеген. Бірақ, әзірге нәтиже болмай тұр.


Ал азғыннан жәбір көре жаздаған, міне, мына қыздар. Мария Седова мен Марина Нахимова Ресейден Фурманов шыңын бағындыруға арнайы келген. Бірақ, Кім асар шатқалында жеткен бойда нағыз шытырман оқиғаға тап болған.


Марина Нахимова, Ресей азаматы:


- Марияға жүгіріп келіп «құйрығыңа пышақ тығып аламын» деді. Тіпті атып тастаймын деп сес көрсетті.


Бейтаныс еркек бірінші қыздарды әңгімеге тартқан екен. Олардың жалғыз жүргеніне көз жеткізген соң оғаш қылық таныта бастаған. Атап айтқанда, іздерінен қалмай жүріп, ақыр соңында қуалап, пышақпен қорқытқанға ұқсайды.


Абырой болғанда, орта жолда басқа туристер кезігіп, әлгі азғын орманға сүңгіп жоқ болыпты. Болған оқиғаны желіге жазған турист қыздар Қазақстанға енді аттап баспайтындарын да айтқан.


Азғынның қолына түсе жаздаған жалғыз бұлар емес екен. Күдікті сол күні тауда серуендеп жүрген тағы екі әйелге тиісіп, анайы ұсыныс жасаған көрінеді. Тауда әйел аңдыған маньякты қорықшылар әзірге қолға түсіре алмай жүр.


Айбол Молдақынов, қорықшы:


- Ол адамды суреттен көрдік. Арықша келген. Кепкасы бар басында. Сақал-мұрты бар екен. Сол сурет арқылы іздеп жатырмыз.


Тауда қалып қойған талай адамды құтқарған қорықшы мұндай жағдаймен бірінші мәрте кезігіп отырғанын айтады.


Күдікті шамамен 45-50-лерде.


Ал біз байқағандай, тауда жалғыз жүрген қыз-келіншек көп. Көбі емдік шөп теріп жүргендер. Абырой болғанда, азғын оларға кезікпепті.


Әлиасқар Салықов та тауды ұнататын туристердің бірі. Келіншегімен серуен құруға шыққан азамат маньяк туралы естіген бойда жарынан бір елі ажырамауды ұйғарған.


Әлиасқар Салықов:


- Қыздарға жалғыз жүруге болмайды. Достарымен жүру керек. Және өз қауіпсіздігі үшін газ балонын алып жүру қажет.


- Сіз келіншегіңізді қыздармен, құрбыларымен жалғыз жіберер ме едіңіз тауға?


- Жоқ.


- Тек өзіммен бірге барады.


Азғынды атпен іздеген қорықшылар оны қалайда табуға сөз берді.


Серікжан Сұраншин, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық бағы Медеу филиалы директоры орынбасары:


- Қорықпай демалуға шақырамын. Келіп демала берсе болды. Бірақ маньяк әлі табылған жоқ қой! Енді табамыз деп ойлаймын.


Орманды қорықшылар торыса, ал тау етегін полиция жіті бақылауға алған. Ал Алатаудың атына кір келтірген азғынның қыздар түсіріп алған суреті барлық бөлімшелерге таратылған.


ktk.kz


 




Көрілген: 421    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.07.2019, 08:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31