Мәселе

Алматы тұрғыны әйелдің денесін пышақпен кескілеген: полиция істі неге жапты

  • Көрнекі фото.  https://www.gazeta.ru/

    Көрнекі фото. https://www.gazeta.ru/

Алматы полициясы жұмыс орнына барып, әйелді пышақтаған ер адам ісін жапты. Жәбірленушінің туыстары бұл іс қылмыстық баптан әкімшілік бапқа заңсыз ауысқанын айтып отыр. Полиция осы арызға жауап берді.

 

Полиция жәбірленушінің арызын сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркеген сәттен бастап істі тергеумен Бостандық ауданы полиция басқармасының қызметкерлері айналысқанын растады.

 

"Екі рет жүргізілген сот-медициналық сараптама әйелдің денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келгенін анықтады. Соның негізінде Қазақстанның қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес, іс-әрекетте қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты әкімшілік өндіріске ауысты", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

Сондай-ақ полиция жәбірленуші арыз жазған азамат Б.-ға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігі ("денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") бойынша жауапқа тартылғанын айтты.

 

Полиция өзін өлтіруге жол бермеу мақсатында пышақтың жүзін қолымен ұстап тұрғанда әйел саусақтарының ойылып кеткеніне қатысты пікір білдірді. Құқық қорғаушылардың пікірінше, ер адамның әйелдің соңынан қалмай, артынша жұмысына пышақпен келіп бас салуында ешқандай қылмыс құрамы жоқ. Прокуратура да осы пікірге қосылды.

 

 

"Шешім қабылдау үшін іс материалдары Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жолданды", - деп нақтылады қалалық полиция.

 

Осылайша, ер адамға санкцияланған бап бойынша 15 АЕК (43 755 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

 

Еске сала кетсек, қызда көңілі бар ер адам оның ілтипатпен жауап қатпағанына ызаланған. Бұл туралы жуырда НеМолчи.kz қоғамдық қорының парақшасында жарияланды.

 

Ер адам қыздың жұмыс орнына келіп, қосалқы бөлмеге күштеп апарған. Ол жақта буындырып, өлтіремін деп қорқытқан. Артынша пышағын алып, мойын, кеуде және қолының бірнеше жерінен тілген. Оның айқайлағанын естіп, әріптестері көмекке жетті.

 

Бастапқыда полиция жігітке қатысты кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Алайда кейінірек іс Әкімшілік кодекстің "денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бабына ауысты.

 

Аудандық прокуратура жәбірленушінің туыстары полицейлердің іс-әрекетіне шағымданғаннан кейін бап заңды түрде ауысқанын растады және шағымды қанағаттандырудан бас тартты.

 

Жәбірленушінің туыстары полиция істі осылайша тежеп, ер адамды жауапкершіліктен босатуға тырысып отыр деп санайды. Өйткені күдікті туыстарының арасында құқық қорғау органдарына сөзі өтетін адамдар бар деген ойда.

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 476    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.07.2021, 17:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30