Мәселе

Алматы тұрғынына сегіз жыл бұрын ұрланған көлік үшін ірі айыппұл салынды

  • Видеодан алынған кадр:

    Видеодан алынған кадр: "Еуразия" бірінші арнасы

Алматы қаласының тұрғыны 2013 жылы ұрланған көлігіне төленбеген ірі айыппұл туралы хабарлама алғанын айтты.

 

"Еуразия бірінші арнасының" хабарлауынша, Алматы тұрғыны Берік Мұхамеджановтың сөзіне қарағанда, белгісіз біреулер 2013 жылы ағасына тіркелген "Нива" жол талғамайтын көлігін ұрлап, айдап әкеткен.

 

Соңғы 8 жыл ішінде полиция ұры мен көлікті таба алмады, бірақ ағайындылар үмітін үзбей, көлік салығын төлеуді жалғастырған. Сөйтіп жүргенде, жақында төленбеген үлкен мөлшердегі айыппұл туралы хабарлама келген.

 

Соның салдарынан тіпті зейнетақысын бұғаттап тастаған. Осыдан кейін ағайындылардың шыдамы таусылып, жағдайды өз бетінше шешуге шешім қабылдайды.

 

"Менің көлігім сол жылы сәуірде табылып, Мадина деген біреуге берілген екен. Бұл іс Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінде жатыр. Олар тергеу амалдарын жүргізді, мен көлікті алаяққа берген екенмін-мыс.

Жақында автокөлікті ұрлаудан алып тастағаны белгілі болды. Ал мен көлікті тіпті көрмедім де. Істі сұрауға бардым. Іс жоқ, прокуратураға мұрағатқа жіберілген дейді. Ал мұнда олар істің жойылғанын айтады. Мен бұл жағдайдың ақ-қарасын анықтау үшін көмек сұраймын, себебі мұнда бір жалғанның бары анық", – деді Берік Мұхамеджанов.

 

Телеарна прокуратураға жүгінді. Олар күрделі істі реттеуге және барлық сұрақтарға жауап беруге уәде берді.

 

 

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 945    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.09.2021, 17:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31