Алматы ҰҚК департаментінен қару ұрланғаны туралы ақпарат тарады

10 қаңтар 2022, 10:24

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК департаментінен қару мен оқ-дәрілер ұрланды деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Кей БАҚ пен әлеуметтік желіде тарап жатқан Алматы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінен қару, оқ-дәрі және басқа да мүлік ұрланды деген ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген ҰҚК хабарламасында.

 

Еске салайық, Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қылмыстық топтар бірнеше қару дүкенін тонап кеткен болатын. Бұзақылар телевидение арқылы тікелей эфирге шығу үшін де әрекеттер жасаған еді.

 

Оған қоса кей БАҚ өкілдері ҰҚК департаментінің қоймасы талқандалғанын хабарлаған.