Мәселе

Алматыда 1 миллионнан астам масканы жоғары бағамен сатуды жоспарлаған алаяқтар ұсталды

  • Алматыда 1 миллионнан астам масканы жоғары бағамен сатуды жоспарлаған алаяқтар ұсталды

    Алматыда 1 миллионнан астам масканы жоғары бағамен сатуды жоспарлаған алаяқтар ұсталды

Алматы қаласының бірнеше тұрғыны медициналық маскалардың партиясын жоғары бағамен сатпақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Осы жылдың 18 наурызында Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қаланың бірнеше тұрғынын қолға түсірген.

"Іс-шаралар барысында қаланың төрт нүктесінде медициналық маскаларды жоғары бағамен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қандай да бір құжатсыз сатқан тұлғалар ұсталды. Рейдтік іс-шаралар нәтижесі бойынша қызметкерлер жалпы сомасы 191 миллион теңгеге 1 053 520 бетперде тәркіледі", - делінген қаржы мониторингі комитетінің баспасөз хабарламасында.

ҚМК-да алынған барлық медициналық маскалар дереу Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасына жіберілгенін атап өтті.

Қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

"ҚР ҚМ ҚМК Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті медициналық маскалар мен антисептикалық құралдарды сату бойынша алаяқтық схемалардың жолын кесу бойынша рейдтік іс-шараларды жүргізетін жедел - тергеу топтарын құрды", - деп толықтырды ведомствода. 




Көрілген: 406    Пікірлер: 0

жұма, 20.03.2020, 11:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31