Мәселе

Алматыда 100-ге жуық бала коронавирустан емделіп жатыр

  • Алматыда 100-ге жуық бала коронавирустан емделіп жатыр

    Алматыда 100-ге жуық бала коронавирустан емделіп жатыр

Қаладағы медицина-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадалары мен Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 132 пациент бар. Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артып жатыр. Қалада бір күнде 612 адамның инфекция жұқтырғаны тіркелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының ақпаратына сәйкес, 13 сәуірде 612 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде 540 адамда ауру белгілері бар, қалған 72 адам – симптомсыз. Бір күнде 353 адам ауруханадан шықты, 355 адам емханаға жатқызылды.

"Инфекциялық стационарларда 3 649 адам бар (төсек-орынның жалпы саны 6 100), оның ішінде 99 бала емделуде. 728 ересек адам ауыр хәлде жатыр, 2 921 адам орташа ауыр жағдайда ем қабылдауда", – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 219 адам жатыр. Ал 32 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 88 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Медицина-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадалары мен Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 132 пациент бар. Оның ішінде 5 196 адамда ауру белгілері бар, олар орташа ауыр жағдайда. 936 адамда ауру белгілері жоқ.

Вакциналау туралы ақпарат
13 сәуірде Алматыда 10 645 адамға вакцина салынды. Қазір қалада 78 395 доза вакцина бар.

"Қала бойынша 2021 жылдың 1 ақпаны мен 12 сәуір аралығында 97 145 адам вакцина салдырды. Қазір 201 пункт жұмыс істеуде, толық режимде 1 809 адамнан тұратын 402 егу бригадасы жұмыс істейді", – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар 13 сәуірден бастап Қастеев атындағы өнер мұражайында вакциналау пункті жұмыс істей бастады. Ол жерде таңғы сегізден кешкі сегізге дейін вакцина салдыруға болады.




Көрілген: 789    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 14:03

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31