Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда 30 млн теңге айыппұл төлемеген жүргізуші ұсталды

17 желтоқсан 2017, 10:59

Алматыдағы Алатау ауданында "Борышкер" арнайы профилактикалық шарасы барысында 30 млн теңге айыппұлы төленбеген жүргізуші ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Профилактикалық шара барысында полицейлер үш күннің ішінде 100 көлікті айып тұрағына жіберіп, айыппұл төлемеген борышкерлерден 7 млн теңге өндірген."Олардың арасында 30 млн теңге төленбеген әкімшілік айыппұлы бар жүргізуші анықталды. Әкімшілік хаттама толтырылған кейін оның көлігі де айып тұрағына қойылды", - дейді Алатау аудандық ІІБ әкімшілік полициясы бөлім басшысы Баукен Байымбетов.Айта кетейік, арнайы профилактикалық шара Алатау ауданын территориясында ғана жүргізілді.