Мәселе

Алматыда 39 нысан «Ashyq» жобасынан шығарылды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Алматыда 39 нысан «Ashyq» жобасынан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қала әкімдігінің мәліметінше, екі апталық тексеруден кейін 39 кәсіпкер «Ashyq» жүйесінен шеттетілді. Талапты сақтамағаны үшін оларға жүйеге кіруге тыйым салынды.

 

Бүгінде қала бойынша жобада 2300-ден астам қатысушы бар. «Ashyq» жүйесі карантин режимінде жұмысты қалпына келтіруге септігін тигізді.

 

Кәсіпкерлік нысандардың жұмысын мониторинг тобы тексереді.

 

Жоба тексерушілерінің айтуынша, жобадан шеттетілуге келушілердің мекемеге кірген кезде QR-код арқылы сканерленбеуі себеп болған.

 

9 сәуір мен 1 шілде аралығында «Ashyq» мобильді қосымшасының көмегімен Алматының 1463 тұрғынында 2 «қызыл» 372 адамда «сары» белгі анықталды.

 

Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан мәліметке сәйкес, биыл 28910 нысан тексеріліп, карантин шараларын бұзған 2546 нысан анықталды.

 

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа 75 материал жолданды. Оның 64-і бойынша қызметті уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

 

 

 




Көрілген: 601    Пікірлер: 0

сенбі, 10.07.2021, 17:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30