Мәселе

Алматыда 60 жастағы ер адам көңілдесінің 12 жасар қызын зорлаған

  • https://stan.kz

    https://stan.kz

Алматыда 60 жастағы ер адам 12 жасар қызды зорлаған. Бұл туралы жеткіншектің анасы айтып, жанайқайын жеткізді. Туған қызына өзінің кездесіп жүрген ер адамы зорлық көрсеткен. Алайда шырылдаған ана қызының зорланғанын бес ай бойы жасырып келіпті. Өйткені ер адам оны «өлтіремін» деп қорқытып келген, деп хабарлайды stan.kz тілшісі.


34 жастағы келіншек кавказ ұлтының өкілімен 2014 жылдан бері кездеседі. Ол Алматыдағы Car City сауда орталығында көлік бөлшектерін сатумен айналысады. Осы уақытқа дейін ол әйелге қаржылай көмектесіп келген. Алайда осы жылдың наурыз айында көңілдесі 12 жасар қызын зорлап тастаған. Одан кейін жеткіншекті «Аузыңды ашсаң, анаңды өлтіремін» деп қорқытыпты. Қайда барып қорғаныш іздерін білмеген келіншек, бес ай бойы қызының зорланғаны туралы тірі жанға тіс жармай келген.


«Ол кісімен 2014 жылдан бері кездесіп келдім. Ол кавказ ұлтынан. Қызым жайында білетін. Бізге қаражат жағынан көмектесіп тұратын. Қызым интернетта жатып оқиды. Наурыз айында демалысқа шығып, маған келген болатын. Сол кезде ол өзінің балмұздақ алып беретінін айтты. Мен жұмысқа кетіп бара жатқан соң, қызымның өзін жібердім. Содан ойымда ештеңе жоқ, екі күннен кейін қызым болған жағдайды айтып берді. Бірден оған (күдікті –авт.) хабарласып едім, ол Қазақстанда екі күннен кейін ғана болатынын айтты. Сол кезде асықпай сөйлесеміз деді», – дейді көзіне жас алған келіншек.


Алайда осы кезде олардың қарым-қатынасы туралы көңілдесінің әйелі біліп қойған. Содан ол кездесуді кейінге қалдырып, сөйлесуден қашқақтап келіпті. Одан қалса, «Егер біреуге айтатын болсаң, сендерді өлтіріп кетемін» деп өзіне де сес көрсетіпті.


«Мен оның қызыма шын тиісті ма соны білгім келді. Бірақ ол қашқақтап келді. Қызымды қонақүйге апарып, өзі шешіндірген. Жыныс мүшесін салып, тоңқайып жат деген. Әрі қарай шалқайтып жатқызған. Одан кейін артқа қарай жатқызып, жаман ойын тағы іске асырған. Ісін істеп болған соң, қызымды душқа жіберген. Әрі қарай «ешкімге айтпа» деп қорқытыпты. 5 жылдан бері танитын адам қызыма мұндай опасыздық жасайды деп еш ойламадым. Мен бұл кісінің өз жазасын алғанын қалаймын. Өмір бойына бас бостандығынан айырылсын», – дейді келіншек.


Қыздың өзі болса, 60 жастағы еңгезердей еркекті әкесі ретінде көргенін айтады. Қонақүйге апарып, бөлмеге алып кіргенге дейін оның жаман әрекет жасайтынын сезбепті.


«Анам ол кезде жұмыста болған. Бірақ телефоны менде еді. Ол кісі ақша жіберетін болып, мен оны көлік жуу бекетінде күттім. Содан ол кісі көлігімен келіп, «отыр» деді. Әрі қарай мені қонақүйге алып барды. Көзіме көзілдірік кигізіп, үстіме ұзындау куртка кигізді. Маған «тыныш отыр, үндеме. Әйтпесе жаман болады» деп қонақүйдің айналасына тоқтады. Қолымнан ұстап, бөлмеге алып кірді», – деп 8-сынып оқушысы барлық болған жағдайды айтып берді.


Жеткіншек бұл туралы анасына айтудан қорыққан. Өйткені ер адамның «анаң мен апаңды өлтіріп кетемін» деген сөзінен қорқыпты. Бірақ бір күн өткеннен кейін ғана өзінің зорланғанын анасына айтып берген. Алайда әйел бұрынғы көңілдесіне хабарласып сұрағанында, ол еш мойындамаған.


Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама өткізіліп, 12 жасар қыздың зорланғаны дәлелденген. Алайда, жәбірленушіні өз қорғауына алған белгілі заңгер Камиша Есмұхамбетқызы күдіктінің әлі қамауға алынбағанын айтты.


«Бұл кісілер 18 тамызда кешкі уақытта маған келді. Сөйтіп дүйсенбі күні арыз жазып, Алматы қалалық ІІД-не бардық. Әрі қарай тергеу амалдары жүргізіп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кеше тергеу тобымен оқиға орнына бардық. Ол өте нашар жер екен. Ол жердегілер әлгі кісіні танып отыр. Яғни, ол адам анасының әлсіздігін пайдаланып, шарасыздығын көріп отырған соң қызына тиісіп отыр дегенге негіз бар. Кеше сот-сараптама нәтижесі бойынша қыздың айтқаны дәлелденіп отыр. Бірақ күдікті әлі қамауға алынған жоқ. Дегенмен бүгін қамауға алынуы тиіс», – дейді заңгер.  




Көрілген: 1336    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.08.2019, 17:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30