Мәселе

Алматыда 88 жеке сот орындаушысы әкімшілік жазаға тартылды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда аудандық прокуратура өкілдері сот актілерін орындау кезіндегі көптеген заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тексеру нәтижесінде 88 жеке сот орындаушысы әкімшілік жазаға тартылды.

«Сот орындаушылары борышкерлердің мүлкіне тыйым салмаған. Олардың Республикадан тыс жерлерге шығуына шектеу қоймаған. Тұрақты табысы мен заңды тұлғалардың үлесі болған жағдайда берешек өндірілмеген. Мысалы, М.Әуезов ауданында сот орындаушысының салғырттығынан борышкер бір жыл ішінде салықтарды төлемей, шекарадан кедергісіз өтіп, шетелде демалып келген», - деді прокуратураның баспасөз қызметінен.

Алатау, Алмалы, Жетісу, Наурызбай және Түрксіб аудандарының прокуратуралары жеке сот орындаушыларының қызметінде осындай заңбұзушылықтарды анықтады. Қадағалау актілері бойынша 88 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде мемлекетке 19 млрд теңгеден аса шығын келтірілді. Қазір барлығы 3,3 млрд теңге өндірілді.

Айта кетерлігі, прокуратура берешектің, оның ішінде алимент пен жалақының барлық түрлерін өндіріп алуға басты назар аударады.


 




Көрілген: 787    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.11.2019, 15:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31