Мәселе

Алматыда 9-қабаттан құлаған полицейдің анасы министрден көмек сұрады

  • Алматыда 9-қабаттан құлаған полицейдің анасы министрден көмек сұрады

    Алматыда 9-қабаттан құлаған полицейдің анасы министрден көмек сұрады

Алматыда 9 қабатты ғимараттың төбесінен құлаған полицейдің ес-түссіз жатқанына үш тәулік болды.

Полицей салынып бітпеген үйдің шатырында жүрген бір топ баланы төмен түсіру үшін шақыртылған. Бұл туралы КТК хабарлады.

Шатырда ойнап жүрген бір топ баланы сол маңайдағы үйлердің тұрғындары көріп полиция шақырған. Алайда жасөспірімдер тәртіп сақшысының сөзіне құлақ аспай, жан-жаққа тым-тырақай қашқан.

Сол сәтте полицейдің аяғы тайып кетіп, 9-қабаттан 7-қабаттағы бетонға құлап түскен. Кейін жасөспірімдердің салынып бітпеген үйдің шатырында Tik-tok түсіргені белгілі болды.

Балаларды құтқармақ болып төбеге көтерілген полицей үшінші тәулік ес-түссіз жатыр. Туыстарының айтуынша, басына екі бірдей күрделі ота жасалған. Жақындары мүгедек болып қала ма деп қорқады. 38 жастағы Тимур Қалмұрзаев – кәмелетке толмаған балалардың ісі бойынша аға инспектор. Үш баласы бар. Келіншегінің төртіншісіне аяғы ауыр.

Анасы Бибігүл Қалмұрзаева: «Өмір мен өлімнің арасында жатыр. Әлі көрсеткен жоқ, бізді кіргізген жоқ. Білмейміз. Әлі есін жия алмай жатыр. Ішкі істер министрі Тұрғымбаевтан көмек сұраймын. Баламның қатарға қосылып кетуіне жәрдемдессе екен», – дейді.

aikyn.kz




Көрілген: 992    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.03.2021, 09:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Сәуір, 23:17
    Қостанайды су басты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30