Мәселе

Алматыда алаяққа алданғандар үйсіз қалды

  • https://www.sharecare.com/

    https://www.sharecare.com/

Алматыда алаяққа алданғандар баспанасыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».


Ебін тауып, адамдарға алмаған қарызды «алды» деп қолхат жаздырып, кейіннен жалғыз үйін тартып алған риелтордың кесірінен біраз адам жәбір көрген. Әділдік іздеген алматылықтар біздің редакциямызға хабарласты.


Алданғандар ауылдағы ескі пәтерді місе тұтуға мәжбүр. Ал бірнеше жыл бұрын қалада өз үйлері болған. Павел мен Галина қаладағы үлкен үйін «үстіне ақша қосып беремін» деген соң осы пәтерге ауыстырады. Олар алаяқтардың тұзағына қалай түсіп қалғанын байқамай қалған. Бірі келісімшартқа қол қойған соң 20 мың долларды бермей қояды. Екінші бір адам «көмектесемін» деп ерлі-зайыптыларды қарызға батырып, кейін ақшасын талап етеді.


Осылайша, олар бұл пәтерінен де уақытша айырылып қалады.


Галина Люхтина, жәбірленуші:


- Ол осы пәтерге жабысты да қалды. Алдап-арбап, қорқытып, мені қуып шықты.


Павел Люхтин, жәбірленуші:


- Менде ақша жоқ екенін біледі. Жұдырық жұмсады. Әйелімді күштеп оған да қолхат жаздырды. Осылайша, екеуміз оған 3 миллион теңгеден астам қарыз болып шыға келдік. Сот орындаушылары арқылы пәтерді алып алды. Бірақ бір жерден қателік жіберіпті. Соттасып жүріп, пәтерімізді қайтарып алдық.


Сотта жеңіске жеткенше ерлі-зайыптылар темір контейнерде күнелтеді. Зорға қайтарып алған пәтеріне кіргенде көңілдері су сепкендей басылады. Люхтиндер қарыздары үшін тағы да пәтерден айырылып қаламыз ба деп қорқады. Бірақ әділдік орнайды деген үмітте.


Марина Карева да үрейлі. Ол да сол алаяқтың қармағына ілінген. Үш баланың анасы ауылдағы үйін қаладағы бір бөлмелі пәтерге ауыстырмақ болады. Құжаттарды рәсімдеп бастағанда оның мүлкінің бұғатталғаны анықталады. Әйтсе де, сеніміне кіріп, бәрібір келісімшартты бекітуге көндіреді. Дегеніне жеткен соң Маринаны шиеттей баласымен қуып шығады.


Марина Карева, жәбірленуші:


- Ол мүлікті қайта рәсімдеуден бас тартып, өзінің міндетін орындамай отыр. Маған не айтса да, мен бәрібір соттасып, әділдік іздеймін. Әрине, баларым үшін қорқамын. Бірақ үш баламмен пәтерден пәтерге көшіп жүре алмаймын. Маңдай теріммен тапқан ақшама алған үйімнен айырылып отырмын.


Ал, Вакил Шамилов дүкенінен айырылуы мүмкін. Ол да қолхатқа асығыс қол қойыпты. Тұзаққа түскенін білгенде өзге де жәбірленушілерді жинай бастайды. Алаяқтың арбауына түскен алматылықтар да аз емес.


Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:


- Бұл қылмыстық істі полиция департаментінің тергеу басқармасы тергеуде. Қазіргі уақытта осы күдіктіден жәбір шеккен сегіз адам полицияға арызданып отыр. Барлық факті бойынша заң аясында тиісті зерттеулер жүргізіледі.


Күдікті бізбен кездесуден бас тартты. Бірақ сотта жауап беруіне тура келеді. Алданған алматылықтар екі жылдан бері мүліктерін қайтара алмай әлек.


Елена Тедеева, адвокат:


- Күдіктіден не сұрасаңыз да жауабы дайын тұрады. Сот актілерін көрсетеді. Сол себепті онымен күресіп, әділдікке жету қиын болып тұр. Біздің құзырлы органдар мұндай іспен айналысуға аса құлықты емес. Бірақ ниет болса, бұлтартпас айғақтар бар. Әділдікке қол жеткізіп, адамдар үйлерін қайтарып алады деген үміттеміз.


«Ал, әділдік орнауы үшін қанша уақыт күтуге тура келетіні әзірге белгісіз», дейді адвокат.


Шыдамдылық пен қаражат керек.


Баспанасыз қалғандар әзірге пәтер жалдап тұруға мәжбүр.


 24.kz




Көрілген: 602    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.11.2019, 23:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31