Мәселе

Алматыда алаяқтың арбауына түскендер шу шығарды

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Алаяқтың арбауына түскен! Алматыда жиған-тергенін оңай жолмен еселеймін деп, жер сипап қалған тұрғындар полиция департаменті ғимаратының алдында шу шығарды.

 

Тез байығысы келгендер екі жыл бұрын қыруар қаражатын «Лидер» деп аталатын компанияға құдайдай сеніп тапсырған. Ал ондағылар ақша биткойн мен Абу-Дабидегі жол құрылысына инвестицияланып, сол арқылы жұрттың мол пайдаға кенелетінін айтыпты.

Бірақ өткен жылдың басында компанияның кеңсесі жабылып, басшысы із суытқан.

 

Оған қатысты қылмыстық іс қозғалғанымен, аңқау халық тергеудің сағызша созылғанына наразы. Аз уақытта қаражатымды еселеймін деп сан соғып қалған тұрғындар бүгін Алматы қалалық полиция департаменті ғимаратының маңында жиналды. Бәрі де екі жыл бұрын «Лидер» деп аталатын инвестициялық компания туралы естіп, жиған-тергенін құйған.

 

Сатқан үйінің ақшасына дейін алаяқтардың қолына ұстата салған Лесбек Омашев оларға құдайдай сеніп қалғанын айтады. Өйткені аңқау жұрттың сеніміне кіру үшін компания өкілдері бастапқыда уәде етілген пайыздық үстемені беріп отырыпты.

 

Лесбек Омашев, зардап шегуші:

 

- 1 жарым мың.

- Доллар ма?

- Иә, сондай, сала бастадым. Сөйтсем, бәрі дұрыс. Бір-екі ай деген сияқты. Сосын жақсылап тұрып жаңағы қыздар, кассир, менеджерлер бәрі керемет болды.

 

Олар салымшылардың қаржысы биткойнға, сондай-ақ, (Абу-Дабидегі жол құрылысына инвестицияланады) деп сендіріпті. Әрі құйылған сомма көп болған сайын, табыс та өсетінін айтқан. Біреу мүгедек баласының еміне жинаған ақшасын салса, енді бірі несие алған.

 

Бауыржан Қайырғазы, зардап шегуші:

 

- Өзім жұмыс істемеймін. Негізі жаңағы несие алып салған болатынмын. Оны әлі төлеп жатырмын.

 

Жиналғандардың айтуынша, сол кезде жарнамасы жер жарған компанияға еліміздің түкпір-түкіпірінен 5 мыңнан аса адам алданған. Олар салған ақшаның жалпы соммасы 37 миллион доллар көрінеді. Осынша қаражатты қалтасына басқан компания директоры өткен жылдың басында ұшты-күйлі жоқ болған.

 

Жұрт оның Рустам Тұрғанов есімді азамат екенін айтады. Болжам бойынша, ол Абу-Дабиге қашып кеткен. Күдікті алғашында жұртқа өзінің де алданғанын айтыпты.

 

Рустам Тұрғанов:

 

- Мен де бұл жерде жалдамалы адаммын. Бірақ мен ешқандай жауапкерліктен ешқандай ақша төлемеймін деп, қашып отырған жоқпын. Мойныма аламын, көтеремін. Мәселенің бәрі жағдайы – Ахметов Дидар. Ол құрылтайшы әрі өзі трейдерлармен жақын.

 

Бірақ бір жыл бұрын жолданған видеодан соң, Рустам Тұрғановтан еш хабар жоқ. Атышулы компанияның кеңсесі де жабылған. Сөйтіп салымшылардың полицияға шағым түсіруден басқа амалы қалмапты.

 

Алайда олар былтырдан бері істің сағызша созылып жатқанын айтады. Компанияның бас есепшісі мен кассирінің күдікті деп танылмағанына наразы.

 

Ал қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары олардан жауап алынғанын мәлімдеді.

 

«Компанияның қызметкерлері іске куә ретінде қатысады», - дейді ол. Рустам Әбдірахманов,

 

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары:

 

- Тергеу басқармасында қылмыстық іс тергеліп жатыр. Сол қылмыстық істің ішінде күдікті адам анықталды. Күдікті адам халықаралық іздеуге жарияланды. Ұстаған уақытта міндетті түрде абақтыға қамалады.

 

Алданған адамдардан арыз әлі де түсіп жатыр. Жұрт енді пайданы қойып, адал еңбектерімен тапқан өз қаржысын қайтарсақ дейді.

 

Ал шетел асқан күдікті ұсталса, кемі 7 жылға сотталуы мүмкін.

 

ktk.kz

 




Көрілген: 575    Пікірлер: 0

жұма, 29.05.2020, 08:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31