Алматыда ашық тұрған люктің салдарынан автокөлік аударылды

03 сәуір 2018, 10:50

Алматыда ашық тұрған люктің салдарынан автокөлік аударылды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол-көлік оқиғасы Назарбаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысында болды. Куәгерлердің айтуынша, Nissan бар жылдамдығымен келіп, дөңгелегі люкке түсіп аударылған. Жол апаты салдарынан Nissan жүргізушісі зардап шекті. Әр түрлі дене жарақатымен ол ауруханаға жеткізілді.