Мәселе

Алматыда атыс салдарынан бес адам қаза тапты: Оның ішінде екі полицей бар

  • Алматыда атыс салдарынан бес адам қаза тапты: Оның ішінде екі полицей бар

    Алматыда атыс салдарынан бес адам қаза тапты: Оның ішінде екі полицей бар

Алматы қаласы Алатау ауданында атыс болып, бірнеше адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде төтенше оқиға туралы ақпарат тарап жатыр. Сот орындаушылары отбасын үйден шығаруға келгенде үй иесі оқ жаудырған. Оқиғадан 5 адам қаза тапты. 

 
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін сағат 17:00-де "Ақбұлақ" шағын ауданында 54 жастағы тұрғын бес адамды атып тастады. Олар сот үкімін орындауға келген. Оған сәйкес, үйдің иесі баспананы босатуы тиіс. Бірақ 1967 жылы туған ер адам қарсылық көрсетіп, екі полицей, бір сот орындаушы және оның екі көмекшісіне оқ атқан.

“Бес адам, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқарып жүрген екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Біз қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтамыз", - делінген ресми хабарламада.

Күдікті ұсталған. Қазіргі кезде жағдай бақылауға алынды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары басталды.

Қаза тапқан полиция қызметкерлері: 

Алатау аудандық полиция департаменті учаскелік инспекторы, полиция майоры Дархан Дауылбайұлы Сүлеев, 1982 жылы туған азамат. 
Алатау аудандық полиция департаменті учаскелік инспекторы, полиция капитаны Нұрбол Назарбайұлы Байғазиев, 1988 жылы туған азамат. 




Көрілген: 538    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.09.2021, 19:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31