Мәселе

Алматыда әйелді тонап кеткен ұры бейнебақылауға түсіп қалған

  • Алматыда әйелді тонап кеткен ұры бейнебақылауға түсіп қалған

    Алматыда әйелді тонап кеткен ұры бейнебақылауға түсіп қалған

Алматыда ұры бейнебақылау объективіне түсіп қалған. 22 жастағы жас жігіт әйелді тонамақ болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, 22 жастағы жігіт қалаға Түркістан облысынан келген. Ол қараңғыда ешкім жоқ кезді пайдаланып, әйелді тонаған.
“Жергілікті тұрғын қылмыскердің құрбаны болды. Қараңғыда ұры қыздың соңынан еріп жүрді, қолайлы сәтті таңдап, айналасында ешкім жоқ кезде қызға шабуыл жасап, ұялы телефонын тартып алды. Абырой болғанда, жәбірленуші зардап шеккен жоқ.

Оның сөздерімен қылмыскердің болжамды сұлбасын құрдық, бейнебақылау жүйелеріне жүгіндік. Қарасай батыр көшесіне орнатылған камералардың бірінде ұрлықшы өзінің жәбірленушісінің соңынан ерген сәті түсірілген. Бұл деректер тонау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігімен тергелген қылмыстық іс материалдарына да қоса тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.




Көрілген: 455    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.09.2021, 00:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31