Мәселе

Алматыда балалардың ойын алаңы жекеге сатылып кеткен

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Қаладағы Янтарная көшесінде орналасқан 7-інші ықшам ауданындағы бірнеше көпқабатты үйдің ауласында шағын ғана балалар алаңы бар. Ол 1979 жылы осы аумақта жатақхана салынғанда жасалған. Барлық бала осы алақандай жерде ойнайды.

 

Бірақ өткен жылы жатақхана жанындағы медицина орталығының иесі оны сатып алған. Енді жан-жағын қоршап алмақ. Бұған тұрғындар қарсы.

 

Малика Молдабекова, қала тұрғыны:

 

&ndash Мына жатақханада 10-11 шаршы метрде үш-төрт баласымен бір кішкентай бөлмеге тығылып отырып, мына балаларға арналған жерде демалып тұрайық десек, құрылыс бастайын жатыр. Біресе автотұрақ істейміз дейді, біресе мейрамхана дейді.

 

Мәселе қоршау-қоршамауда емес, мына жер қалай сатылды? Балалар ойнайтын жер қалай сатылады?

 

Ал кәсіпкер Әлихан Абдулахановтың бұл жерді заңды сатып алғанын растайтын құжаттары бар. Оның айтуынша, медициналық мекеменің аумағы тарлық еткендіктен, мұнда көлік тұрағын салуды жоспарлапты.

 

Әлихан Абдулаханов, кәсіпкер:

 

 &ndash Мен бұл жерді сатып алдым. Бірақ балалар алаңы бар екенін білген жоқпын. Бұл жерге көлік тұрағын салсам деймін. Ал балалар алаңы арғы жақта да бар.

 

Дау туғызған мәселеге байланысты қалалық Жер қатынастары басқармасының маманы Тимур Тұрысбеков ойын алаңының қашан жеке меншікке өтіп кеткенін айта алмады.

 

Кәсіпкер Абдулаханов жерді азаматтық-құқықтық негізде былтыр басқа меншік иесінен алған.

 

Десе де Әуезов аудандық әкімдігінің мамандары ойын алаңы қоршалғанымен, ол жерге қандай да бір құрылыс салуға рұқсаттың жоқ екенін айтып ақталды.

 

Бекнар Берікұлы, Әуезов аудандық әкімдігінің бас маманы:

 

&ndash Талап бойынша бұл жер құқығы жеке меншікке тиесілі. Жоба бойынша құрылысқа қарастырылмаған. Ертеңгі күні де рұқсаттама құжат алуға өтініш берсе де, біздің құзырет шегімізден ол кісі бас тарту алады.

 

Жергілікті әкімдіктің уәжіне көңілдері толмаған тұрғындар енді сотқа арызданбақшы.

 

Ал кәсіпкер өзіне тиесілі аумақты қоршап алса, балалар ойын алаңынсыз қалғалы тұр.

 

 

24.kz




Көрілген: 423    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.11.2020, 02:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31