Мәселе

Алматыда балкондарды біркелгі келбетке келтіру бастамасы дауға ұласты

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Алматыда тұрғындардың балконын жаңадан жөндеуіне тура келейін деп тұр. Өйткені келер жылдан бастап оның бәрі біркелкі сәулет стиліне енуі тиіс.


Шенеуніктердің бұл бастамасы әлден үлкен дау тудырып жатыр. Өйткені жөндеу жұрттың ай сайын пәтер иелері кооперативіне беретін мақсатты төлемдері есебінен жасалуы керек. Бірақ коммуналдық мекемелер бұл қаржының балкон жөндеуге жетпейтінін айтып отыр. Сондықтан олар жаңа ережеге түбегейлі қарсы.


Елена Чернышеваның бұл пәтерде тұрып жатқанына бес жыл. Мұнда көшіп келгенде балконында әйнек болмапты. Оны жабуға 350 мыңнан аса теңге жұмсаған. Енді келер жылы балконын қайта жөндетуге мәжбүр болмақ.


Елена Чернышева, Алматы қаласының тұрғыны:


- Айтарға сөзім жоқ. Мұндай жаңалықты күтпедім. Енді қайта шығынданамын ба? Жаңа балкон маған несіне керек? Шенеуніктер әрдайым бірдеңе ойлап табады. Алдымен жұрттың пікірін білуі керек қой.


Еленаның айтуынша, балконды жаңа дизайнға өзгертуге көршілері де түбегейлі қарсы. Өйткені қайта жөндеу жасаса, үй-іші шаң-тозаң болады. «Бар нәрсені өзгертудің не қажеті бар?», - дейді жұрт.


Ал шенеуніктер бұл шет елдерде бұрыннан бар ереже екенін айтады. Атқамінерлерге Алматыдағы тұрғын үйлердің сырт келбеті бұрыннан ұнамай жүріпті.


Алмасхан Ахметжанов, Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы:


- Бұл ереженің мақсаты – нысандардың сырт келбетін артық элементсіз, жинақы қылып жасау. Біз, әрине, тұрғындардың пікірін ескереміз. Балкондарды бірдей сәулет стиліне енгізу – халықаралық тәжірибе, Америка ашып жатқан жоқпыз.


Ал жөндеу жұмыстары жұрттың ай сайын пәтер иелері кооперативіне беретін мақсатты төлемінің есебінен жасалмақ. Бірақ коммуналдық мекемелер бұл қаржының балкон жөндеуге жетпейтінін айтып, бастаманы құптап отырған жоқ.


Бибігүл Жүнісбаева, Пәтер иелерінің кооперативтері қауымдастығының президенті:


- Қазір мақсатты төлемдер бір шаршы метрге 25 теңгеден есептеледі. Ол тұрғын үйдің подъезін жөндеудің өзіне әрең жетеді. Бұл қаражатқа балкондарды жаңа дизайнға өзгерту шығынын қосу дұрыс емес. Ондай болса, біз мақсатты алымның тарифін кемі екі есеге көбейтуіміз керек.


Сондықтан атқамінерлер қаладағы балкондарды бір қалыпқа келтіремін десе, бұған бюджеттен ақша бөлуі тиіс деп есептейді. Ал әкімдіктегілер балкондардың келер жылдан бастап кезең-кезеңімен біркелгі келбетке келтірілетінін айтып отыр. Олардың қандай дизайнда болатынын дайындап та қойыпты. Ал аталмыш өзгеріске қарсы адамдарды жазаламаймыз деп сендірді.


 ktk.kz




Көрілген: 488    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.11.2019, 22:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31