Мәселе

Алматыда базарлардың ашылуына неге тыйым салынып отыр

  • Фото Tengrinews/Алихан Сариев

    Фото Tengrinews/Алихан Сариев

Алматыда 4 мамырдан бастап ашылатын сауда орындарына базарлар жатпайды. Азық-түліктен басқа базар саудасының ашылуына неге тыйым салынып отырғанын қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев онлайн брифинг барысында түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Ауданы 500 шаршы метр болатын азық түліктен басқа тауарлар дүкендерінің ашылуына рұқсат беріледі. Егер ШОБ субьектілері базар мен сауда үйі территориясында орналасса оларға рұқсат берілмейді. Дүкендер жеке орналасуы керек. Базарлар мен сауда үйлеріне, орталықтарына рұқсат әлі жоқ», - деді Сапарбек Тұяқбаев.

 

4 мамырдан бастап шаштараздар (алдын-ала жазылу бойынша), фотосалондар мен гүл дүңгіршектері, жылжымайтын мүлік компаниялары, валюта айырбастау орындары жұмысын қайта бастайды.

Қызмет көрсету саласы бойынша аяқ киім жөндеу, химиялық тазалау, баспа ісі бойынша нысандардың жұмысын іске қосуға рұқсат етілген.

Оларға қандай талап қойылатынын бұған дейін жазған болатынбыз. Қала әкімінің орынбасарының айтуынша, аталған нысандарды ашудың арқасында 41,4 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады.

 




Көрілген: 465    Пікірлер: 0

сенбі, 02.05.2020, 22:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30