Мәселе

Алматыда бос жерге сырғанақ жасағандар мен кәсіпкер арасында дау туды

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Таласқа түскен төбешік! Алматыда бос жатқан жерден сырғанақ жасап оңай олжаға кенелгендер жаға жыртысып жатыр. Бұған дейін жабайы қысқы демалыс орнына айналған Саялыдағы жотаны әлдебір кәсіпкер жалға алыпты. Ал бұған дейін табыс тауып келген 70-ке тарта адам оған қарсы.

 

Өйткені сырғанауға арналған құрал-жабдықтарды несиеге алып кәсіп бастағандар қып-қызыл шығынға батамыз деп шыр-пыр.

 

Қыс түсе бұл төбешікте аяқ алып жүру мүмкін емес. Жұрт жаппай осында келіп жотадан сырғанайды. Оған қажет құрал-жабдықты жалға беретін адам да көп. Бәрі еш құжатсыз нәпақасын тауып жүр.

 

Солардың бірі &ndash Меруерт. Көпбалалы ана 200 мың теңгеге бірнеше баллон алып жалға беруге шығыпты. Алайда бар-жоғы екі күн жұмыс істеп үлгерген. Өйткені күтпеген жерден төбешіктің қожайыны пайда болыпты.

 

Меруерт Күзембаева, Алматы қаласының тұрғыны:

 

- Өзіміздің 300-500 баллонымызды қоямыз. Біздің баллондармен ғана адамдар сырғанайды, мына жерден деп тұр. Сонда қаншама халық кету керек? Бір адам барлық тауды иеленіп отыруы керек пе? Мынау жатқан дала ғой. Қазақтың даласы. Барлығының да бұл жерге қақысы бар.

 

Жабайы демалыс орнында бірі шана мен баллон жалға берсе, енді бірі шай сатып табыс тауып келген. Қақаған суықта мұнда күнкөріс қамымен «амалдың жоқтығынан жүрміз» дейді жұрт.

 

Алайда жаңа қожайын бүгін аумақты қоршап, бірде-бірін кіргізбей қойыпты.

 

Жарасбай Жұмамұрат, Алматы қаласының тұрғыны:

 

- Мына жерде адам көп. 50-70-тей адам баллон сатып, кімде бес баллон бар, кімде 10 баллон бар, әйтеуір бала-шағаның қамына бола күніге 5-10 теңге тауып келеді. Оны да көре алмай, бізді қуып жатыр. Біз енді қайда барамыз?!  

 

Жеке кәсіпкер ат шаптырым аумақты жалға алған екен. Қолында заңды құжаты бар. Сондықтан мұнда енді қалауынша қысқы ойындарды ұйымдастырмақ.

 

«Құрал-жабдықты да өзім жалға беремін», - дейді.

 

Тіпті сырғанақ тебетін төбешікті алуға Алатау ауданының әкімдігіне екі бірдей балалар алаңқайын салып беруіне тура келіпті.

 

Тілек Мағзұмов, жеке кәсіпкер:

 

- 16 гектар жерді екі жылға жалға алғанмын. Өзімнің баллондарымды жалға беремін. Менде кассалық аппарат тұр. Мен мына жақты бүгін ғана қоршадым. Бұл жаққа да кассалық аппарат қоямын, мемлекетке салық  төлеймін. Бұл кісілер бұл жерде енді жұмыс істей алмайды.

 

«Бұған дейін мұнда қауіпсіздік талаптары сақталмаған еді», - дейді кәсіпкер.

 

Әрі тазалық та жайына қалған.

 

«Енді мұның бәрін қалпына келтіремін» - деп отыр.

 

Десе де таласқа түскен сырғанақтың ғұмыры ұзақ болмайтын сыңайлы.

 

Әділет Тоқтасынов, Алатау ауданы әкімінің орынбасары:

 

- Жалпы ол құрылыс басқармасының жері болған. Ол жерге биік қабатты  үйлер соғылуы керек. Соған байланысты биыл салынбағаннан кейін  сондай келісімшарт істелінген.

 

Дегенмен шенеуніктер бұған дейін нәпақа тауып келген тұрғындарға көмектесуге тырысамыз деп сендірді.

 

 

 

ktk.kz




Көрілген: 2040    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.12.2020, 20:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28