Мәселе

Алматыда бойжеткенді алып қашқан жігіттер ұсталды

  • https://alashainasy.kz/

    https://alashainasy.kz/

Алматыда қыз алып қашпақ болған жігіттердің ісі қаралып жатыр. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

 

"Автосити" сауда орталығының маңындағы адам ұрлау әрекетіне Юлия есімді алматылық ару куәгер болған. Ұрлықшыларды тоқтата алмаған ол көлік нөмірін есіне сақтап алып, полицияға хабар берген.

 

"Сағат 21:30 шамасында сауда орталығының кіреберісінде бір топ азаматты байқадым. Бір кезде қыз шыңғырып жіберді. Қасында тұрған екі азамат оны қинап, көлікке салды. Ал қалғандары жанында тұрды. Мен көлікке жүгіріп жеткенімде, олар есікті жауып алды. Нөмірін есіме сақтап алдым. Қалған жігіттер маған "Бәрі дұрыс, бұл дәстүр, олар отау құруға бара жатыр" деп тоқтатты. Мен ашуланып, осындай жағдайдан кейін қыздар суицидке баратынын айттым",- деді Юля басылым тілшісіне.

 

Ол полиция шақырып, операторға көлік нөмірін, түсін және жағдайын хабарлаған.

 

Полиция куәгердің дабылы бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, қыздың тұлғасын анықтады. Ол өз кезегінде жақын танымайтын азамат дәстүр бойынша алып қашқанын айтты.

 

"Қыз келісім бермей, өздігінше кетіп қалған. Күдіктінің де тұлғасы анықталды. Жақын арада ол ұсталады және жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылады. Аталған іске қатысты тергеу жұмысы жалғасуда",- деді Алматы ПД баспасөз қызметі. 




Көрілген: 346    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.02.2020, 22:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31