Мәселе

Алматыда бүгіннен бастап қандай нысандар жұмыс істейді

  • Фото Максима Золотухина

    Фото Максима Золотухина

1 маусымнан бастап Алматыда фитнесс-орталықтары, СПА, қоғамдық моншалар, сауналар және азық-түліктік емес базарлар қызметін қайта бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Нысандардың қызметіне эпидемиологиялық шаралар қатаң сақталған жағдайда рұқсат етіледі.

 

Жұмысты бастар алдында, ұйымдар Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулысының ережелерімен танысуы және нысандарды барлық қажетті талаптарға сәйкес дайындауы тиіс, ол талаптар: жайларда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, әлеуметтік қашықтықты сақтау және тағы басқа.

 

Бұдан әрі, нысандар infokazakhstan.kz сайтына тіркелуі тиіс, онда олар өздерінің әзірлігін растайды және хабарламаға электронды-цифрлық қолтаңбасымен қол қою жолымен жазылған нормаларды сақтауға кепілдік береді.

 

Әрі қарай, олардың карантиндік шараларды орындау барысын мониторингтік топ рейдтік тексерулер жүргізу кезінде қадағалайтын болады.

 

Бұзушылықтар анықталған жағдайда, нысандарға, оларды толық жабуға дейінгі әкімшілік жауапкершілік жүктеу қаупі бар. Жұмыс орындарына тікелей қажетті қызметкерлер санын кәсіпорын басшылары өздері белгілейтінін қосымша хабарлаймыз. Сұлулық және денсаулық индустриясының нысандары үшін жұмыс кестесі штат режімінде қалып отыр.

 

Жалпы алғанда, жұмысқа жалпы 7,2 мың адам санымен 900-ден аса нысан оралады деп болжанған.
Бұдан басқа, 1 маусымнан бастап, шектеулер әзірлік бағалауынан өткен азық-түліктік емес базарлардан алынатын болады.

 




Көрілген: 471    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.06.2020, 09:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31