Мәселе

Алматыда дәрігерлерге пранк жасаған вайнердің әрекеті тексеріліп жатыр

  • https://kaz.tengrinews.kz/

    https://kaz.tengrinews.kz/

Алматы полицейлері вайнер Мейіржан Төребаев ұйымдастырған медициналық қызметкерлерге қатысты пранкты тексеріп жатыр. Бұл туралы қалалық прокуратура мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Қадағалау органының мәліметінше, блогер Төребаевтың әрекеттеріне кейінірек құқықтық баға беріледі.

 

"Түсірілген видео бойынша қоғамдық денсаулық басқармасы полиция департаментіне жүгінді. ПД мәліметтері бойынша, қазір тексеру жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі. Тексерудің соңғы нәтижелері туралы ақпарат алу үшін полицияға хабарласа аласыз", - делінген Алматы прокурорының бірінші орынбасары Берік Адамовтың қолы қойылған жауапта.

 

26 қазанда ҚДСБ қызметкерлері пранктің еріксіз қатысушылары болған емхана басшылығы құзыретті органдарға жүгінгенін хабарлады. Содан бері дәл үш апта өтті, бірақ полицейлер әлі күнге дейін Төребаевтың әрекетін анықтап, оған құқықтық баға бере алмады.

 

Еске салайық, 19 қазанда  Мейіржан Төребаев әлеуметтік желілерде дәрігерлерге қалжыңдағанын көрсеткен еді. Вайнер Instagram-парақшасында дәрігерлерге пранк жасаған видеосын жариялаған. Видеода Төребаев екпе алуға келгенін және "Спутник V" вакцинасын салдырғанын, кейін видеоға "медбикелермен әзілдескісі келетінін" айтады. Осыдан кейін блогер сол қолының саусақтарын айқастырып қысады да, дәрігерлерден саусақтарына "не болғанын" сұрайды. Бұған таңғалған дәрігерлер дереу көмекке келіп, Төребаевқа саусақтарын ашуға көмектеседі. Олар блогердің қолына массаж жасап, басқа да шара қолдануға кіріседі. Видео соңында блогер бұл әзіл екенін мойындаған еді.

 

 

 

 

 




Көрілген: 837    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.11.2021, 13:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31