Мәселе

Алматыда ЭКО-ға 800 квота бөлінді

  • Алматыда ЭКО-ға 800 квота бөлінді

    Алматыда ЭКО-ға 800 квота бөлінді

2021 жылдың қаңтарынан бастап "Аңсаған сәби" бағдарламасы іске қосылып, ЭКО-ға квота саны 7 есеге ұлғайтылды. Алматыда "Аңсаған сәби" бағдарламасын іске асыру мақсатында 800 квота бөлінді, деп хабарлайды Spunik Қазақстан.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 2021 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда "Аңсаған сәби" бағдарламасы іске қосылды. Осы бағдарлама шеңберінде ЭКО-ға квота саны 7 есеге ұлғайтылды. Өткен жылы 130 квота бөлінген болатын.

ЭКО-ға жіберу туралы шешімді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. ЭКО-ны әйелдің өзі таңдайды.

Айта кетейік, қазірдің өзінде қалада кезек күтіп отырған 700-ге жуық әйел бар, оның 400-ге жуығы 2020 жылы өтініш берген.

ЭКО процедурасына өтініш беру үшін тіркелген емханаға бару керек, сол жерде тексеруден өткен соң, процедураға жібереді.




Көрілген: 1639    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.01.2021, 23:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28