Алматыда ескерту жарияланды

21 мамыр 2022, 18:11

Алматыда найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді деген болжам бар. Ауа райының бұзылуына байланысты құтқарушылар ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы, NEGE. Синоптиктер бүгін кешке қалада қатты жаңбыр жауып, кей уақытта найзағай ойнайтынын және жел екпіні секундына 15-20 метрге жететінін айтады.

Осыған орай, Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті.

«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, найзағай ойнап, қатты жел тұрып, нөсер жаңбыр жауған кезде ғимараттар мен үй-жайлардан мүмкіндігінше шықпаңыздар. Көліктеріңізді ағаштардың астында қалдырмаңыздар», - деп хабарлады департамент.

Сонымен қатар, құтқарушылар туристерге тауға шықпауға кеңес берді.