Мәселе

Алматыда "Гарант Ломбард" қаржы пирамидасына алданған азаматтар митингке шықты

  • Алматыда

    Алматыда "Гарант Ломбард" қаржы пирамидасына алданған азаматтар митингке шықты

Алматыда "Гарант Ломбард" қаржы пирамидасына ақша салып, алданып қалған азаматтар митингке шықты. Олар бар тапқанымызды салып жіберіп, бармақ тістеп қалдық деп отыр. Енді ел президентінің тергеу ісін қадағалауға алуын сұрайды. Ең азы 1 миллион теңгеден бастап 30-40 миллион ақшалай немесе жылжымайтын мүлкінен айырылған тұрғындар қарызға белшеден батқандықтан бас көтеріп отырмыз дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Кредит алып, салып жатырмыз, машина кетті, үй кеткен жағдайлар да болды", "Халықтың жағдайы жоқтығынан кіріп отыр, жағдайымыз бар болса неліктен оған кіріміз", - дейді жиналғандар.

 
Митингке жиналғандар үйімізді үлкейтіп, жағдайымызды жақсартпақ болып бар тапқанымызды "Гарант Ломбардтың" кеңсесіне өткізгендерін айтты. Бастапқыда салған ақшамыздың бір бөлігін алып отырдық деген олар уақыт өте ақшасын да, дүние мүлкін де ала алмағандарын айтады. 

"Бір жағынан кінәлі сезінеміз. Өйткені, жағдайымыз жоқ, халықтың жағдайы осындай төмен", - деді салымшы Роза Ғабиден.

Жиналғандар пирамидаға сеніп қалғанымызға қаржылық сауатымыздың төмендігі себеп дейді. Әрі  жылтыраған жарнамасына сенгендерін айтады. 

"200-300-дей ғана адам, бірақ алданғандардың саны 2,5 млн адам. Бірақ қорқады ма, бәрі келмеді", - деді салымшы Айсұлу Әбдіқашева.

Митингке қатысушылар қаржы пирамидасын қатысты істің таза өткенін қалайды. Сондай-ақ, олар қарапайым халықтың осындай қаржылық пирамидаларға алданып қалмауын қалайды. Одан бөлек, ақшасын алып, арғысын бармайтын жұлдыздардың жарнамасына да үкімет шектеу қойсын деп отыр. 




Көрілген: 739    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.10.2020, 10:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30