Мәселе

Алматыда интернет ұстамайтын 218 соқыр аймақ табылды

  • Сурет: Алматы ӨКҚ

    Сурет: Алматы ӨКҚ

Алматыда да бір жылда интернет пен байланыс болмаған 218 "соқыр" аймақ жабылды, деп хабарлайды zakon.kz Алматының Цифрландыру басқармасына сілтеме жасап.

 

Алғабас, Нұршашқан, Таусамалы, Әлмерек: Алматының бірқатар шағын аудандарында интернет сапасы жақсарады

 

Алматы қаласының төрт шағын ауданында интернет жылдамдығы 90 Мбит/сек жетеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн - брифингінде Алматы қаласының Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев айтты.

 

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында Алматыда Digital Almaty цифрлық форумы өтті, онда Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин бес жыл ішінде барлық облыс орталықтары мен Республикалық маңызы бар қалалар 5G желісімен қамтылатынын айтты.

 

Айта кетейік, Алматыда интернет сапасын жақсарту жобасының арқасында өткен жылы интернет пен байланыс болмаған 218 соқыр аймақ жабылды.

 

Баян Қоңырбаевтың айтуынша, "Қазақтелеком" АҚ компаниясымен бірлесіп Алматы қаласының 4 шағын ауданында жылдамдығы 90 Мбит/сек болатын интернетке қосылу шешімі пысықталды:

 

1. Алғабас (Алатау ауданы);

2. Әлмерек (Түрксіб ауданы);

3. Нұршашқан (Түрксіб ауданы);

4. Таусамалы (Наурызбай ауданы).

 

2021 жылдың қыркүйек айының соңына дейін бірінші кезеңде, сондай-ақ екінші кезеңде 2022 жылдың 2 тоқсанына дейін тағы 4 жаңа шағын аудан қосылатын болады.

 

Баян Қоңырбаев интернеттің мегаполис халқы үшін бірінші қажеттіліктердің бірі екенін айтты. Осыған байланысты осы бағыттағы жұмыстар жалғасады.

 

 




Көрілген: 598    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.04.2021, 19:21

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31