Мәселе

Алматыда жалған сот жұмыс істегені анықталды

  • © Photo: Public Domain

    © Photo: Public Domain

Алматы қаласында азаматша «Әділет» халықаралық төрелік соты» толық серіктестігін құрып, сот төрелігін заңсыз жүзеге асырып келген, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ол билік өкілінің атағын өз еркімен иемденіп, Қазақстан Республикасының атынан әкімшілік, қылмыстық және азаматтық істер бойынша шешімдер шығарып отырған. Бұл шешімдер мемлекеттік елтаңбамен және басқа да деректемелермен фирмалық бланкіде шығарылған.

"Осы заңсыз сот актілерімен азаматтарды жүргізуші куәлігінен айырып, соманы өндіріп алуға, тергеу изоляторынан адамдарды босатуға тырысқан", - деп хабарлайды прокуратура.
Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының арызы бойынша қаланың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Әділет» халықаралық төрелік соты» жеке кәсіпкерлігінің қызметін жойды.

"Жалған судьяға қатысты Қазақстан Ресубликасы қылмыстық кодексінің 390-бабы – "Билік өкiлiнiң атағын өз бетiмен иемденіп алу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - деді қалалық прокуратура.

sputnik 




Көрілген: 276    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.12.2019, 16:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31