Мәселе

Алматыда жас қыз бір айлық нәрестесін сатып жібермек болды

  • © Sputnik Қырғызстан

    © Sputnik Қырғызстан

Алматыда полицейлер бір айлық нәрестені сатып жіберу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды kaz.zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Әуезов ауданының тұрғыны, 23 жастағы қыз өзінің туған баласын сатпақ болған.


- Әйелді ұстауға бағытталған арнайы операция басталмас бұрын бірқатар жедел шаралар жасалды. Өз баласынан құтылғысы келетін әйелдің қылмыстық ниеті расталды. Ол бір айлық ұл баламды сатамын деген ақпаратты достарының арасында таратқан. Сатып алушы бірден табылды. Түнгі сағат 11-лер шамасында С. есімді әйел Медеу ауданының аумағында сатып алушыдан 400 мың теңге алған кезінде ұсталды, - деді Алматы полиция басқармасы бастығының орынбасары, подполковник Данияр Меңдебаев.


Полиция қызметкерлері баланы сәбилер үйіне уақытша орналастырды. Ал оның анасы ҚР Қылмыстық кодексінің 135 бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.


- Анықталғандай, С.-ның 7 жасар баласы бар екен, екінші баласын некесіз туған. Оны бейтаныс адамдарға сатуды ұйғарған. Әйел өз қылмысын мойындады. Бала алу үшін төленген ақшаны тергеушілер әрікілеп, іс материалдарына тіркеді, - деді подполковник Меңдебаев.


 




Көрілген: 530    Пікірлер: 0

жұма, 27.09.2019, 18:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31