Мәселе

Алматыда жастарға арналған пәтерлерге құжаттар қабылданбақ

  • Алматыда жастарға арналған пәтерлерге құжаттар қабылданбақ

    Алматыда жастарға арналған пәтерлерге құжаттар қабылданбақ

 Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы 2019 жылғы "30" қазаннан бастап "12" қараша аралығында Алматы қаласының 29 жасқа дейінгі жастарынан "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының шеңберіндегі "Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру" бағыты бойынша өтініштер мен құжаттарды қабылдауды жүргізеді.


Өтініштер мен құжаттар www.almaty-jastary.kz сайты арқылы қабылданады. Авторизация сайтта электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі. Оны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-тан (ХҚКО) алуға болады. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын жайлар Алматы қаласының шеңберінде тұрғын үйлердің түсуіне байланысты 5 жыл мерзімге беріледі (пулдар бойынша). Қазіргі уақытта Алатау ауданының "Көкқайнар" шағынауданында (Саялы-2) 249 бір бөлмелі пәтерлерден тұратын бірінші пул бар.


Бағдарламаға қатысу үшін қойылатын негізгі талаптар: - 29 (жиырма тоғыз) жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады; - Алматы қаласында тұрғылықты жері бойынша соңғы 2 (екі) жылдан кем емес тұрақты тіркелуін растау (осы қалада тұрғын үй алуға үміттенетін адамдар үшін); - орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын авариялық жағдайдағы, құлауқаупі бар (қирау) тұрғын үйді қоспағанда, өтініш берушінің, жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының өтініш беру алдында 2 (екі) жыл ішінде меншік құқығындағы тұрғын үй дің, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің жоқтығын растау; - соңғы алты ай ішінде кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы табыстың болуы (101 мың теңге); - банкте жинақ шоттың болуы. Өтініш берушілердің тізімі ұпай жүйесін (ең көп ұпай саны бойынша) есепке алумен жасалады. Ұпайлардың берілу критерийлері, сондай-ақ, қажетті құжаттар тізімі жоғарыда көрсетілген сайтта орналастырылған. Бағдарлама қатысушылары өтініш пен құжаттарды тапсырғаннан кейін өтініштің қарастырылу нәтижесін жоғарыда көрсетілген сайттағы жеке кабинеттен өздері бақылап отыруы қажет. Анықтамалар: +7(727)2251440, +7(727)2251437, +7(727)2251457 телефондары бойынша.


qamshy.kz




Көрілген: 550    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.10.2019, 17:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30