Мәселе

Алматыда жерлеу бағасын заңсыз көтерген зират қызметкерлері ұсталды

  • https://tayga.info/

    https://tayga.info/

Алматы полициясы жерлеудің бағасын асыра көрсеткен зират қызметкерлерін ұстады, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Полицияға 8 адам хабарласып, зират жұмысшыларына қатысты ресми мәлімдемелер жасады. Өтініш білдіргендердің айтуынша, олар жерлеу қызметтері үшін қосымша ақы төлеуге мәжбүр болған, оларды белгіленген құнға қосымша 70-тен 80 мың теңгеге дейін төлеуге мәжбүр еткен.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің, сондай-ақ ІІМ басшылығының тапсырмаларын орындау мақсатында, белгіленген мөлшерден басқа, марқұмның туыстарына қайтыс болған адамдарды жерлеу қызметтері үшін қосымша қаражат алған адамдардың заңсыз әрекеттерін тоқтату үшін арнайы тергеу-жедел топтары құрылды. Чектер берілмеген, ақшаны зират кәсіпорнының қызметкерлері заңсыз пайдаланған.

 

Жақын адамдарынан айырылып, қайғы-қасіретті бастан кешіргендер тек материалдық қана емес, моральдық тұрғыда да зардап шекті.

 

Қабылданған шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері өз іс-әрекеттерін мойындаған екі азаматты анықтап, қамауға алды.

 

Зардап шеккендер мен күдіктілердің қатысуымен қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, соңында әр кінәлі адамның іс-әрекетіне жеке құқықтық баға беріледі.

 

Сонымен қатар, жерлеу кезінде заңсыз бопсалаудың алдын алу үшін басқа жерлеу орындары тексеріледі.

 




Көрілген: 509    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.07.2020, 01:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30