Мәселе

Алматыда жұмысшы жетіспегендіктен, құрылыс қарқыны жүрмей тұр

  • Алматыда жұмысшы жетіспегендіктен, құрылыс қарқыны жүрмей тұр

    Алматыда жұмысшы жетіспегендіктен, құрылыс қарқыны жүрмей тұр

Қалада «Жұмыспен қамту» Жол картасы аясында 200 құрылыс нысаны бақылауға алынған. Дағдарысқа қарсы жоспар бойынша, онда тек қазақ азаматтары жұмыс істеп, отандық құрылыс материалдары ғана пайдаланылуы керек.

Алматыдағы құрылыс нысандарында жұмыс күші жеткіліксіз. Соның салдарынан құрылыс бәсеңдеп қалған. Соның бірі – Түріксіб ауданындағы әскери бөлім, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Бір ай бұрын басталған жөндеу жұмыстары әлі аяқталатын емес. Қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 35 адам жұмысқа алынған. Тағы 18 жұмысшы қажет. Жоспарға сәйкес, жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталуы тиіс. Жөндеу жұмыстарына 270 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген. Мердігер компанияның мәліметінше, олар құрылысқа қажетті материалдардың 90 пайызын отандық өндірушілерден алып отыр.

«Құрылыс материалдарының барлығын келісім жасап, сатып алып жатырмыз. Соның ішінде шет елден келетін тек ағаш материалдары. Қалғанының барлығы – біздің қазақстандық өндірушілердің тауарлары», - дейді құрылыс компаниясының директоры Мұхамбетәли Мамамбаев.

Сондай ақ, бүгін «Nur Otan» партиялық бақылау тобы аудандағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болып, құрылысымен танысты. Онда 51 млн теңгенің жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Интернатта жаңа үлгідегі жатын бөлмелер мен сауықтыру орындары және спорттық алаң жасалады. Жоспар бойынша, нысан бір айдан кейін тапсырылуы тиіс. Жалпы, ауданда осындай 39 құрылыс нысаны партиялық бақылауда.

«Бүгін тексерілген құрылыс нысандарында бірқатар кемшілікті анықтадық. Мысалы, мердігерлер әртүрлі себептермен белгіленген мерзімнен кешігіп жатыр. Оған қоса, құрылыс материалдарының бірқатарында отандық өнім туралы құжаты толық болмай шықты. Кемшіліктер алдағы уақытта түзетіледі», - дейді қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының бас маманы Айбол Бөбетай.

Айта кетейік, қалада «Жұмыспен қамту» Жол картасы аясында 200 құрылыс нысаны бақылауға алынған. Дағдарысқа қарсы жоспар бойынша, онда тек қазақ азаматтары жұмыс істеп, отандық құрылыс материалдары ғана пайдаланылуы керек.

 

sn.kz




Көрілген: 326    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.07.2020, 00:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31