Мәселе

Алматыда карантин тәртібін бұзған 2410 адамға айыппұл салынды

  • Көрнекі фото.  https://qazaqpress.kz/

    Көрнекі фото. https://qazaqpress.kz/

Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша мегаполисте қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері белгілеген карантиндік нормаларды бұзғандарды анықтау және олардың алдын алу бойынша 40 мониторинг тобы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Өткен тәулікте мониторинг тобы белгіленген шектеулерді бұзған 9 нысанды анықтады. Оның 8-і мейрамхана, дәмхана мен дүкен және біреуі - сауна.

 

Сонымен қатар, 55 жеке тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.

 

«19 наурыз бен 5 сәуір аралығында 457 мекеме карантин шарасын бұзған.

 

Оның ішінде:

 

- Алатау ауданы бойынша - 15 факт ;

- Алмалы ауданы бойынша - 90;

- Әуезов ауданы бойынша - 79;

- Бостандық ауданы бойынша - 74;

- Жетісу ауданы бойынша – 36;

- Медеу ауданы бойынша - 61;

- Наурызбай ауданы бойынша – 32;

- Түрксіб ауданы бойынша - 56.

 

Анықталған нысандардың жалпы санының ішінде мыналар бар: 299 мейрамхана, дәмхана мен дүкен, 68 компьютерлік клуб, 12 бильярд клубы, 37 СПА-салон, 21 сауна, 2 кальян бары, 11 караоке клубы, 3 лото клубы, 5 түнгі клуб. 2410 жеке тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды»,- деп хабарлады Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

 

 




Көрілген: 486    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.04.2021, 17:31

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31